Егінжайда қалықтаған ән

Өнерпаздар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын насихаттау мақсатында концерттік бағдарламасын ұсынды.
"Шаған-Жер"ЖШС және "Ақжарма және К" шаруа қожалығының егін алқабында өткен мәдени шарада егінжай ерлері өнерпаздармен қосыла ән шырқап, бір сәт тынығып, тамаша көңіл күйге бөленді.
Ел ырысын төкпей-шашпай қамбаға құюда алдына жан салмай еңбек еткен диқаншы қауым өнерпаздарға ризашылықтарын білдірді.