Қызметтік әдепті сақтау – мемлекеттік қызметшілердің міндеті
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылады. Әрине, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің меритократия қағидаттары негізінде өз еңбегіне сай мансаптық өсу мүмкіндігімен қатар олардың моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 11 қаңтардағы Парламент мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін және мемлекеттік қызмет жүйесі іс жүзінде сервистік сипат алып, клиентке бағдарлану үшін түбегейлі өзгерісті талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттырып, халықпен кері байланысты жақсарту, адамға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру бағытында ағымдағы жылдың 22 ақпанында ел Президентінің Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі (Бұдан әрі – Кодекс) жаңа редакцияда қабылданды. Бұл Кодекс мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейді және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Жаңа редакцияда Кодекстің құрылымы өзгертіліп, онда мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары енгізілді.Кодекстің негізгі бағыты – мемлекеттік қызметте қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз жағдайларының алдын алу болып табылады. Сонымен қатар Жаңа Кодексте Агенттік пен оның аумақтық департаменттері қызметтік әдепті бұзудың профилактикасын үйлестіруші органдар ретінде айқындалып отыр.
Жоғарыда аталған жаңа Әдеп Кодексін түсіндіру және Кодекс талаптарының қатаң сақталуын бақылау бағытында персоналды басқару қызметі мен Әдеп жөніндегі уәкілдер тиісті шаралар қабылдау қажет. Дегенмен мемлекеттік қызметшілердің қызметі Кодексте белгіленген талаптар аясында жүзеге асыру қажеттілігіне қарамастан, соңғы кезде мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп бұзушылықтар жасау фактілері көбейген.
Мысалы, 2022 жылдың 1 жартыжылдығында 310 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Оның ішінде, Кодекс талаптарын бұзғаны үшін 4 мемлекеттік қызметшіге, ал мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 2 қызметшіге тәртіптік жаза қолданылды.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері негізінде Кодекс талаптарын бұзғаны үшін 4 мемлекеттік қызметші, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 10 мемлекеттік қызметші әр түрлі тәртіптік жазаларға тартылған. Мысалы, 2021 жылдың 12 желтоқсан күні Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті басшысының 2 (екі) орынбасары Қызылорда қаласында орналасқан дәмханалардың бірінде болып, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік танытпау, дөрекілік, қадір-қасиетті кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеудің орнына, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасағандығы анықталды. Осыған орай, аталған тұлғаларға қатысты тәртіптік істер қозғалып, қызметтік тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, тиісті жазалар қолданылды. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзушылықтарының негізгі себебі, олардың тек қана құқықтық сауаттылығының төмендігі емес, мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдердің әлсіз қызметі болған.
Мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдерінің институты мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалардың және Кодекстің бұзушылықтарының алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.Олардың жүзеге асыратын негізгі функциялардың бірі – мемлекеттік қызметшілерге консультациялық көмек көрсету. Мұндай көмек мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілер әдебінің кез келген мәселелері бойынша көрсетілуі мүмкін. Сонымен қатар әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілер тарапынан заңнамада көзделген шектеулерді және тыйымдарды сақтауды қамтамасыз етеді, ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларға сәйкес келетін қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Алайда, өкінішке қарай, әдеп жөніндегі уәкілдерге кең құзыреттер берілгенімен, аталған құзыреттер олардың тарапынан толық көлемінде пайдаланбайды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жұмыстары жүргізілмейді.Сондықтан әдеп жөніндегі уәкілдерге осы бағытта жұмысты күшейту мақсатында пәрменді шараларды қабылдау қажет.
Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында үнемі түрде мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдерінің есептері тыңдалады, нәтижесімен оларға түсіндірме жұмыстарын жаңдандыру жөнінде ұсынымдар беріледі.
Т.Нұртаев,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет
саласындағы бақылау басқармасының басшысы