Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық сенімінен шығу – мемлекеттік қызметшінің міндеті

Халық сенімінен шығу – мемлекеттік қызметшінің міндеті

Мемлекетті тиімді басқару мемлекеттік қызметпен ұш­тасады. Елімізде мемлекеттік қызмет қоғамдық про­цестерді реттеуге, мемлекеттің тұтастығын қамта­масыз етуге және ел азаматтарының мүддесін жүзеге асыруға міндетті. Бұл тұста, елдегі басқару жүйесіне деген халықтың сенімі мемлекеттік қызметшілердің сапалы қызметіне тікелей байланыс­ты. Олар мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәртебесін, жауап­кершілігін біліп, әдеп сақтай отыра елге қызмет етуі тиіс. Сол арқылы мемлекеттік қызметтің имиджі көтеріледі, елдің құрметі артады.

Бүгінгі таңда ақпараттық қоғам дамыған сайын мемлекеттік қызметке қойылар талап та артып келеді. Қа­зір мемлекеттік қызмет жүйесінің нәтижелілігін жоғарылату шарттары іске асырылуда. Бұған қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында мемлекеттік бас­қару­дың жаңа үлгісін атап көрсетті. Он­да мемлекеттік басқаруға, кадр сая­­сатына, шешім қабылдау жү­йе­­сіне және оларды орындау жауап­кершілігіне деген көзқарасты өзгер­ту қажеттілігін айтты. Ол үшін мем­­лекеттік аппарат және квази-мем­лекеттік сектор қызметкерлерін 2020 жылы 10 пайызға, 2021 жылы 15 пайызға қысқарту керектігіне тоқ­талды. Нәтижесінде, мемлекеттік қыз­метшілердің кәсіби деңгейі артып, еңбекақылары көбейеді. Олар қа­зіргі цифрландыру үдерісіне ілесіп, сыбайлас жемқорлыққа да тосқауыл болмақ.


«Үнемделген қаражаттың есе­бі­нен қалған қызметкерлердің жа­ла­қы­сын көбейтетін боламыз. Еңбекақысы аз мемлекеттік қызметтің қоғам үшін пайдасынан зияны көп. Бұл мәселеге жете назар аудармау кері кетуге, біліктілік пен бастамашылдықтан айы­рылуға, сондай-ақ ең сорақысы, жем­қорлыққа әкеп соқтырады. Сон­дықтан 2021 жылғы 1 шілдеден бастап балдық-факторлық жүйе енгізілуге тиіс. Мұндай жоба мемлекеттік қыз­метшілердің құлшынысын арттырып, жауапкершілігін нығайта түседі. Бізге жаңа кадрлар, яғни кәсіби білікті, озық ойлы және бастамашыл мамандар аса қажет» – деді Президент.

Ауданда 40 мыңға жуық ха­лық­қа жергілікті бюджеттен қаржы­лан­дырылатын 140 мемлекеттік әкім­шілік қызметші еңбек ететінін атап өту керек. Олардың 50-і әйел, бұл барлық мем­лекеттік қызметшінің 36 пайызын құрайды. Оның ішінде 9-ы басшылық лауазымды атқарады. Не­­гізінен, аудандағы мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 45-ті құраса, олардың орташа еңбек өтілі – 8 жыл. Сырдариялық мем­лекеттік қызметшілер халыққа сапалы қызмет көрсетіп, аудан дамуына үлес қосып келеді.


Жалпы, мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру мемлекеттік саясатпен, ондағы реформалармен тығыз байланысты. Сондықтан олар сапалы қызмет ар­қылы ғана қоғамның сеніміне ие болмақ. Бұл ретте, мемлекеттік қыз­метшілерде жо­ғары моральдық жа­уап­кершілік, кә­­сіби білім, оны тә­жі­рибеде қолдана білу, адалдық, ұж­дан­ды­лық, белсенді өмірлік көз­қарас қасиеттері болуы тиіс.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ 

19 қаңтар 2021 ж. 508 0