«Балбөбек» – балғындардың сүйікті мекені
Бүгінгі балақай – ертеңгі жасөспірім. Биылғы жылдың «Балалар жылы» деп жариялануына орай газет бетінде аудандағы балабақша жұмысы ақпараттандырып келеді. Жастар күні қарсаңында еліміздің ертеңі саналатын бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тәрбие беріп отырған «Балбөбек» бөбекжайы туралы айтатын боламыз.
Балғындардың сүйікті мекеніне айналған «Балбөбек» бөбекжайы – Шаған ауылындағы мемлекеттік балабақша. 75 орынға арналған бөбекжай 2017 жылы ашылып, қазір мұнда 65 балдырған мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда.
Ауыл балаларын екі жастан бастап қабылдайтын балабақша қос қабатты ғимаратта орналасқан. Балабақшада 3 топқа арналған қабылдау бөлмесі, ойын, жатын бөлмелері бар. Мейірбике, психолог, әдіскер кабинеттері жұмыс жасайды. Асхана, кір жуу бөлігі ыңғайлы. Балабақшада бүлдіршіндер мектеп жасына жеткенше тәрбиеленді. Оларды оқумен, медициналық бақылаумен қамтып, өмірін қорғайды. Бөбекжайда дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар тәрбиеші мамандар бүлдіршіндерді азаматтылыққа, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету қызметін көрсетеді.
Балғындардың сүйікті мекеніне айналған «Балбөбек» бөбекжайы – Шаған ауылындағы мемлекеттік балабақша. 75 орынға арналған бөбекжай 2017 жылы ашылып, қазір мұнда 65 балдырған мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуда.
Ауыл балаларын екі жастан бастап қабылдайтын балабақша қос қабатты ғимаратта орналасқан. Балабақшада 3 топқа арналған қабылдау бөлмесі, ойын, жатын бөлмелері бар. Мейірбике, психолог, әдіскер кабинеттері жұмыс жасайды. Асхана, кір жуу бөлігі ыңғайлы. Балабақшада бүлдіршіндер мектеп жасына жеткенше тәрбиеленді. Оларды оқумен, медициналық бақылаумен қамтып, өмірін қорғайды. Бөбекжайда дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар тәрбиеші мамандар бүлдіршіндерді азаматтылыққа, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету қызметін көрсетеді.
Балабақшадағы балғындар жас ерекшелігі бойынша «Балапан», «Ботақан», «Күншуақ» тобына бөлінген.
Балаларға 11 педагог тәрбие береді. Тәрбиешілер балалардың денсаулығын нығайту үшін қимылды ойындар арқылы қимыл-қозғалыс белсенділігі әрекеттерінің тиімділігіне аса мән береді. Сондай-ақ ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың ауызекі сөйлеу мәнерін жеткізе, ертегіні кейіпкерлендіру барысында диалогтық, монологтық қарым-қатынасын ескеріп, байланыстырып сөйлеуін дамытады.
«Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша балалармен күн сайын түрлі қызықты оқу қызметі өткізіледі. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балаларды спортқа баулып, балалардың ауызекі сөйлеуін дамытады. Кішкентай бүлдіршіндер мамандардан ана тілінің барлық дыбысын дұрыс айтуға, байланыстырып сөйлеуге қабілеттерін дамытуға машығады. Білімнің алғашқы баспалдағы қаланатын балабақшада ашық оқу қызметі жоспарға сәйкес өтіледі. «Менің ойыншығым» тақырыбында ашық оқу қызметі, тіл мерекесіне орай «Ана тілім – ардақтым» тақырыбындағы ертеңгілік, «Бауырсақ» және «Шалқан» ертегілерінен ашық оқу қызметі сәтті өткен. «Арайлы алтын күз», «Тәуілсіз елім – тірегім», «Келді міне, Жаңа жыл!», «Анашым – мақтанышым!», «Қош келдің, әз-Наурыз!» тақырыптарында топтарда ертеңгіліктер мерекелік даталарға орай ата-аналардың қатысуымен тамашаланатын іс-шаралар қатарында.
Балабақшада бүлдіршіндер танымдық іс-әрекеттерінің дамуына ықпал ету үшін реттік сандарды және сандық таңбаларды санауды, есептеуді үйренеді. Сенсорлық-дидактикалық ойындарды ұйымдастыру, қоршаған орта мен табиғатты зерттеу мүмкіндігін қарастырып, қарапайым математикалық ұғымдарды және құрылымдық іс-әрекеттің тәсілдерін меңгереді. «Көліктер» тақырыбында, «Үшбұрыш» тақырыбында ашық оқу қызметі «Таным» саласы бойынша ұйымдастырылған.
Әрбір тәрбиеші оқу қызметінде «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша балалардың эстетикалық талғамы мен өнер туындыларына деген қызығушылықтарын арттырады. Ән-күй саласында музыкалық аспаптарды толық атау, түрлі би қимылдарын орындау, тағы басқа мемлекеттік стандартқа сай барлық талаптарды қамтуды іске асырады. Сонымен қатар балалар қоршаған орта, экологиялық оқу қызметтері бойынша табиғатты қорғауға, аялауға, үлкендердің еңбегін бағалай білуге, бір-бірін сыйлай білуге, құрметтеуге үйренуде. Барлық оқу қызметі көрнекіліктерге бай, эстетикалық талғамға сай жасалынған, театр түрлері бар, күнделікті жаңартылып отырылады. Сол бойынша балалармен күннің екінші жартысында жұмыстар жүргізіледі.
– Биылғы жылы балабақшаның іс-тәжірибесі бойынша «Ұйымдастырылған оқу қызметтерін ойын түрінде өткізу арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында аудандық әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға мемлекеттік және жеке балабақшалардан 40-қа жуық мамандар қатысты. Балабақша әдіскері М.Қанатбаева «Ойын – балаларды дамыту құралы тақырыбында таныстырылым көрсетті. Семинар барысында «Күншуақ» ортаңғы тобында тәрбиеші А.Үсенғазиева «Жаратылыстану» оқу қызметінен «Құстар ұшып келді» тақырыбында, тәрбиеші Ә.Тайманова «Алтын балық қайда тұрады?» тақырыбында, «Ботақан» кіші тобында тәрбиеші А.Қалмаханова «Жәндіктер- кішкентай көмекшілер» тақырыбында, музыка жетекшісі Р.Құлмаханова «Жәндіктер әлемі» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін, психолог С.Тұрсынова «Жақсы көңіл-күй жан азығы» тақырыбында психологиялық тренинг жұмысын жүргізіп, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар музыка жетекшісі Н.Жақсылықтың ұйымдастыруымен «Жарық жұлдыздар» тақырыбындағы балалардың концерттік бағдарламасын тамашалаумен аяқталды. Жоғары деңгейде өткен семинарда тәрбиешілер марапатталды, – дейді бөбекжай меңгерушісі Гүлжан Еңсебаева.
Педагогтердің қатарында шығармашылық жетістіктерге жеткендер де бар. Олар А.Үсенғазиева, А Қалмаханова, Ә.Тайманова, З.Балтабаева, С.Тұрсынова, Н.Жақсылық, Қ.Бекниязова, Р.Құлмаханова, С.Сейітасқарова. Республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы атанған тәрбиешілердің шәкірттері де жетістіктерге жеткен. Сурет салу байқауында К.Сейдулла, А.Әлихан, К.Арыстанбек, К.Ертай, А.Мейрамбекұлы жүлдегер атанды. Өнерлі балғындар Ш.Аманкелді, А.Асқар. А.Әсетқызы, Д.Тынысхан, Н.Медет байқауларда жұлдызы жанды.
Кішкентай қолөнершілер М.Ықылас, С.Сайн, Н.Марат, Ж.Әбдіғаппар, М.Қалыбек, А.Әлихан, Г.Оразғали, А.Сақтаған, К.Әбділәди, А.Әсетқызы ерекше дарынымен марапатталған бүлдіршіндер.
Балаларды өнерге, мектепке дейінгі білімге тәрбиелеп, болашақ еліміздің дарынды ұрпағы ретінде саналы білім беруді мақсат еткен «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының ұжымына шығармашылық табыс тілейміз.
Бибісара ЖАНӘЛІ