Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балабақшамен қоштасты

Балабақшамен қоштасты

Бес жасқа дейін тәрбие беретін тәлім ордасы – балабақшаның бала өмірінде алатын орны ерекше. Осында тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы қа­ланып, тәрбиешілер балғындардың зейінін ашып, айналаны танып-білуге үй­ретеді.

«Нұр-Ай-Сая» жеке балабақшасы – Шаған ауылындағы кішкентай бала­ларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтып отырған үлкен ұжым. Жа­қында балабақшамен қоштасу ме­ре­­келік кешін өткізген балабақша өз түлектерін мектепке шығарып салды.

Мектеп жасына жеткен балғындар сүйікті балабақшамен қоштасу салтанатында бір-бірден сахна төріне шы­ғып, олардың есімдері таныстырылды. Балалар балабақшада үйренген өнелерін көрсетіп, тәрбиешілерге ал­ғыс­тарын айтты.

«Балабақша – бақытым» деп ән салған балалар жаттаған тақпақтарын айтып, тәп-тәтті қылықтарымен кө­рер­­мендерді сүйсіндірді. Бүлдіршін­дер­дің мерекелік кешін тамашалаған ата-аналар әріп танытып, санауды үй­реткен тәрбиешілердің еңбегіне риза болды. «Ана», «Әке», «Бала» сөз­дерін құрастырған балғындар он­­ға дейін санауды, кері санауды үйренгендерін көрсетті. Өнерлі бал­дырғандар вальс билеп, тәрбие­шілерімен қосылып ұлт­тық аспапта ойнап, халық әні «Бипылды» орындады.

Кеш соңында «Біз мектепке барамыз» әнін орындаған балғындарды, тәрбиешілерді балабақша меңге­ру­шісі, ата-аналар құттықтады.

– «Нұр-Ай-Сая» жеке балабақша болып 2016 жылы ашылғалы бері бір­неше рет қатарынан түлектерді мектепке шығарып салды. Өз маман­дықтарының білгірлері қызмет ететін балабақшада балаларға жақсы тәр­бие беріліп, білімнің ең алғашқы бас­палдағы қаланады. Балғындар анық сөйлеуді, санауды үйренеді. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бала­лар­дың зейіні ашылады. Баланың дұ­рыс өсуіне барлық жағдай жасалған балабақшаға ата-аналардың да ри­за­­шылығы мол. Бүгін мерекелік кеш өтіп, тағы бір топты мектепке шығарып салдық. Алда балаларды алғашқы ұстаздары күтіп тұр. Біздің балдырғандар оқуда озат болып, тәуелсіз еліміздің Туын биікке көтеретін елжанды азамат болып өсе­тіндеріне сенеміз. Балғындардың мектеп табалдырығына басқан қадам­дары сәтті болсын, – деді «Нұр-Ай-Сая» жеке бала­бақшасының меңгерушісі Жанат Есниязова.


Бибісара ЖАНӘЛІ
02 тамыз 2022 ж. 691 0