Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды
«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» атты педагогикалық тамыз конференциясы аясында «Бастауыш 1-2 сынып» пәні мұғалімдерінің сессиясы өтті.
Педагогикалық сессия отырысына аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жанар Төреқұлова жаңа оқу жылымен құттықтап, биылғы жылдың жаңалығымен бөлісті. Жалпы жұмыстардың барысымен аудандық білім бөлімінің бастауыш сыныптардың әдіскері Алуа Нұрабаева жоспар бойынша жұмыстарымен таныстырып, алдағы оқу жылының жаңалығымен бөлісіп, «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы», (мұғалімдердің сапалық құрамы шебер, зерттеуші, сарапшы, модератор) 2021-2022 оқу жылына қорытынды (пәндерге талдау жасау, аттестатция, олимпиада, ғылыми жоба) және мұғалімдердің баяндамалары, ашық сабақтары тыңдалды.
Атап кетсек: №132 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Айгерім Қалжігітова – «Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру», №37 мектеп-лицейінен Жаңыл Бектібаева – «Г дыбысы мен әрпі», №137 орта мектептен Айгерім Ысқақова – «7 саны мен цифры», №147 орта мектептен Гүлзина Сардарбекова – «Бастауыш сыныпты оқытуда жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттыру»,№131 орта мектеп Шолпан Иманқұлова «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» сабағын өткізді.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің баяндама, ашық сабақтарын бөлісіп, сұрақтар қойылып, жақсы жұмыс жасалды. Әріптестерімізге жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз.
Сырдария аудандық білім бөлімі