Оқушылар дәстүрлі форматта білім алады
«Жаз жайнатып, күн күлдіріп» дегендей оқушылар мен мұғалімдер үшін жазғы демалыс маусымы аяқталуға жақын. Жарқын жаздың демалысы үш айға созылып, білім саласы тағы да жаңа оқу жылын қарсы алуға қызу дайындық үстінде.
Жыл сайын «Мектепке жол» акциясымен басталатын мектепке дайындық іс-шарасы биыл да жоспарға сәйкес басталды. Облыс бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін 31 мыңнан астам балаға осы акция аясында міндетті оқу қорынан бір реттік көмек берілетінін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлаған болатын.
Сонымен қатар демеушілер есебінен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен күнкөріс деңгейі төмен отбасыларға көмек көрсету жылдағы дәстүр бойынша қыркүйек айының 30-на дейін жалғасады.

Бүгінде ауданда әлеуметтік көмекті қажет ететін 664 отбасы бар. Оның ішінде, атаулы көмек алатын отбасылардың саны 170, күн көріс көрсеткіші төмен отбасылар 379, ал жетім және ата-ана қамқорлығынсыз балалардың саны – 13.
Биылғы жаз маусымында елдегі эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлауына байланысты оқу форматы қандай болады деген сауал қоғамды алаңдатқаны рас. Бұл туралы тиісті сала министрлігі жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта білім алатынын хабарлағанын айту керек. Дегенмен, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты кейбір шектеу шаралары қабылдануы мүмкін. Мәселен, медициналық бетперде тағу, күнделікті дене қызуын өлшеу секілді іс-шаралар. Бірақ оқушылар онлайн оқымайтыны нақты айтылды.
Ал мектеп формасы туралы шешімді мектеп жанындағы қамқоршылық кеңеспен келісу арқылы мектеп басшысы бекітетін болады. Аталған кеңесте келісілмеген жағдайда мектеп формасын сатып алу міндеттелмейді.
Айту керек, 2022-2023 оқу жылында аймақта 17898 бала бірінші сыныпқа қабылданады деп күтілсе, 773 кішкентай сырдариялықтар бірінші сынып табалдырығын аттайтын болады.
«ТТ» ақпарат