Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

ШЫНАЙЫ ШАРА


Қызылордалық нұротандықтар «Баланы мектепке даярлайық» акция аясында балғындарға қолдау көрсетті.
Дәстүрлі акция биыл да тамыз айының алғашқы күнінен қыркүйек айының соңына дейін жалғасбақ.
Қайырымдылық шарасының мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын-алу болып табылады.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевтың айтуынша, өткен жылы аталған акция аясында партия тарапынан 243 іс-шара ұйымдастырылып, 1797 оқушы балаға материалдық көмек көрсетілген.
– Түрлі әлеуметтік санаттағы азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру партия қабылдау бөлмелерінде бірінші кезекке қойылған. Жылдан-жылға акция ауқымы кеңейіп, үлес қосушылар мен тұрақты демеушілерінің қатары артып халықтық сипатқа ие болып келеді. Аймақтық және аумақтық партия филиалдары, сонымен қатар партия белсенділері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары акцияға белсенді қатысып, түрлі көмектерін көрсетіп жатыр.
Нақты кезеңде түрлі отбасының 500 астам балаларына мектепке дайындық көмектері көрсетілді. Акция алдағы қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады, - деді И.Құттықожаев.
Сондай-ақ, ол «Мектепке жол» акциясы аясында түрлі әлеу-меттік себепке байланысты сабақтан қалу жағдайларын болдырмау үшін өңірде рейдтік шаралар ұйымдастырылып, тиісті мамандар пәтерлерді, саяжайларды аралап, ата-анасының бақылауынсыз қалған балаларды іздестіріп, оқушылардың жаппай мектепке баруына айрықша көңіл бөлініп отырғандығын атап өтті.
Иә, аталған акцияға қолдау білдіру бұл – әрбір азаматтың рухани жан-дүниесінің байлығын, жас ұрпаққа деген шынайы сезімі мен ниетінің тазалығын көрсетеді.
Сырбойылық нұротандықтар «Баланы мектепке даярлайық» атты акция аясында 15 оқушыға мектеп құралдарын табыстап, орталық алаңда орналасқан ойын алаңында тегін велисопед теуіп, батутта секіріп, балмұздақтан дәм татуға мүмкіндік жасады.

https://syr-media.kz/

28 тамыз 2018 ж. 947 0