МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ: БАР ШАПАҒАТ БАЛАҒА

Бұрнағы күні аудан орталығындағы №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей базасында осы акция өз жалғасын тапты. Білім мекемелерінде жұмыс жасайтын, аз қамтылған отбасы балаларына арналған шараны аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастырды. Акцияда ардагер-ұстаз А.Ізбасарова, аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Есназар акцияның маңыздылығы жөнінде сөз етті. Ресми шарадан кейін балаларға мектеп құралдары салынған сөмке табысталды. Осындай жүрегі мейірімге толы, ақжүрек, жомарт жандар көп болғай. Жыл сайынғы өткізіліп жатқан осынау шараға демеушілер мен меценаттар 2019 жылға дейін жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеден астам көмек пен қолдау көрсеткен. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың акционерлік қоғамдар мен жекелеген кәсіпкердің жыл сайын акцияға белсенді қатысқандығы қуантады.
Ұлбосын КЕНІШБЕК