Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 54 385 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек берілді

Қызылорда облысында 54 385 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек берілді

Аймақ тұрғындарының әлеуметтік жағдайын оңалту мақсатындағы атаулы көмектер уақытылы төленіп келеді. Ол үшін биыл мемлекеттік бюджеттен 9.1 млрд.теңге қаралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов мәлімдеді.

- Жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 9 973 адамға әлеуметтік төлем төленді. Бұған қоса, «Еңбек» бағдарламасы аясында 585 көп балалы отбасы мүшесі жұмыс істеуге ниет білдірді. Бүгінде оның 82-і еңбекке тартылды. Мұнан өзге, бес отбасы 15 млн. теңге көлемінде шағын несие рәсімдеді. Ал 346 азамат қайтарымсыз грантын алып, кәсіптерін ашты. Өңірде 6 мыңнан астам халықтың әлжуаз топтарына жататын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 91,5 млн. теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Жеке шаруашылық және кәсіпорындар, жеке қорлар есебінен аз қамтылған көп балалы 28 отбасы тұрғын үймен қамтылды,-деді Мейрамбек Жақсылықұлы.

Сондай-ақ, облыста аз қамтамасыз етілген 4083 отбасы баспаналы болды.
16 шілде 2021 ж. 473 0