Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайдан сақ болайық

Төтенше жағдайдан сақ болайық

Өрт – адамдарға, жалпы қоғамға қауіп төндіретін құбылыс. Ол көбіне өзіміздің салғырттығымыздан, жауап­сыз­дығымыздан болып жатады. Өрт салдарынан материалдық шығын ке­ліп қана қоймайды. Кей жағдайда адам өміріне де қауіп төндіреді. Өрт себебінен көп шығынға ұшырап, зардап шегушілер бүгінде аз емес.

2022 жылдың 8 айында Сырдария ауданы бойынша 16 өрт оқиғасы (2021 жылы – 19) тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға азайған. 33 өртке жатпайтын жану оқиғасы (2021 жылы – 41) тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға азайған. Өрттен 2022 жылы 1 адам қаза та­уып, өрт кезінде күйік алған азаматтар жоқ (2021 жылы – жоқ). Өрт салдарынан жеке тұрғын үйлерде 12 өрт, автокөліктерде 3 өрт, нысандарда 1 өрт орын алған. Өрттің негізгі шығу себептері пештің ақаулығынан немесе пеш пайдалану кезінде өртке қарсы қауіпсіздік ережесін сақтамауынан, электр желілерінің қысқаша тұйық­талуынан, балалардың отпен ойнауынан, ашық отты пайдалану және та­ғы басқа себептерден туындағаны анық­талды.

Жоғарыда болған өрт оқиғалары тұрғындардың қарапайым өрт қауіп­сіз­дігі ереже талаптарының сақ­та­мауы­нан орын алды. Қазақстан Рес­­публикасының Әкімшілік құқық бұ­зу­­шылық туралы Кодексінде өрт қауіп­сіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін өрт оқиғасындағы кінәлі тұлғаларға әкімшілік шаралар көрілетіні ескертілген. Қасақана өртелген жағдайда кінәлі тұлғаға ҚР Қылмыстық кодексінің бап­­тарына сәйкес қылмыстық іс қозғалады.

Өрт айтып келмейтін апат, яғни өрт оқиғасы бола қалған жағдайда үлкен шығынға әкеліп соғатыны барлығымызға мәлім, сондықтан бұл апаттан әрдайым сақтанғанымыз дұрыс. Төтенше жағдай болғанда, өрт шыға қалған уақытта шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101» немесе «112» телефонына хабарласып, мекенжайды асықпай толық айтылуы керек.

Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмерлі сенім телефоны жұмыс жасайтыны ескертіледі.




Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
09 тамыз 2022 ж. 395 0