Жемқорлық дамуды тежейді
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында да нақты айтылған. Мемлекет басшысы тарапынан Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға жемқорлықты жою бағытында тапсырмалар беріп, міндеттер айқындалған.
Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ауыл әкімдігінің күнделікті жұмысы ашықтық пен жариялылыққа негізделген деп айтуға толық негіз бар. Ауыл әкімі жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдап, барлық сұрақтарына заң шеңберінде жауап беруде. Бұдан бөлек әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер де уақытылы әрі сапалы көрсетілуде.
Жалпы, жемқорлықты жою адамның ішкі мәдениетіне, тәлім-тәрбиесіне де байланысты. Бұл ретте ауылдағы мекеме басшыларына, қызметкерлерге қызметті адал атқару, сеніп тапсырылған міндетті әділ орындау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Жемқорлық қоғамдағы дамуды тежейді. Ол мемлекетке ғана емес, жеке адамға да зор зиянын тигізеді. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз жұмысына адал болуы қажет. Асқар Тоқмағамбетов ауылдық округі әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілер мен мамандар сыбайлас жемқорлыққа жан-тәнімен қарсы және қылмыспен күрес жүргізуге әркез дайын.
А.Тоқмағамбетов ауылдық
округі әкімі аппараты