Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен қарқынды түрде күрес жүргізу бағытында көптеген бағдарлама қабылданып жатқаны белгілі. Соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру және мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру мақсатында қолданысқа енгізілген “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобасы бойынша ауданымызда көптеген іс-шара өткізілуде.
«Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұ­мысшы тобы аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Ахетовтың 2019 жылғы 7 тамыздағы №292-ө өкімімен құрылды. Жобалық кеңсенің негізгі мақ­саты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, тұрғындарға қолайлы ортаны қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Жобалық кеңсенің жұмысшы тобының жетекшісі болып «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы Марат Омаров белгіленді. Бүгінде «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы аясында кент және ауылдық округтерде кездесу, дөңгелек үстел, түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылуда.
Ауданға қарасты А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун ауылдық округтерінде “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобасы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшыларымен қатар, “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобасының аудандағы жетекшісі М.Омаров, бюджеттік сала қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қоғам үшін қауіпті кеселдің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінінен нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобасы бойынша ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ой-пікірлерін айтып, сұрақтарына сала мамандарынан жауап алды.
Нағи Ілиясов ауылдық округінде “Ашық есік күні” акциясы өтті. Ауыл әкімі аппаратының мәжіліс залында ұйымдастырылған акцияда ауыл тұрғындарына сыбайлас жемқорлық көріністерін жою мен болдырмау туралы мағлұматтар берілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ашықтыққа негіздеудің тиімділігін түсіндірген сала мамандары акцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Акция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын жадынамалар таратылды.
“Ақмешіт – адалдық алаңы” жобасы аясында сырдариялық жастар да ауқымды іс-шаралар өткізіп, өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендіктерін көрсетуде. “Жалын” тынығу лагерінің базасында ұйымдастырылған іс-шараға ауданның белсенді жастары, жастар ұйымдарының өкілдері, “Жас Отан” жастар қанатының мүшелері қатысты. “Жастар жемқорлыққа қарсы” тақырыбында өткен брейн-ринг пен акцияда бірнеше кезеңнен тұратын ойындар мен пікірталас ұйымдастырылды. Аудандық “Жастар ресурстық орталығының” директоры Ғ.Оралов сөз сөйлеп, “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобасы аясында өткізіліп жатқан іс-шараға қатысушы жастарға сәттілік тіледі және жас буын өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға шақырды. Іс-шаралар соңында акция мен брейн-рингке белсенді қатысушылар марапатталды.
Жемқорлық – қоғам үшін қауіпті кесел ғана емес, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтін қылмыс. Сондықтан барлық салада сыбайлас жемқорлықпен күресті қарқынды жүргізудің маңыздылығы зор. “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобасы шеңберінде Сырдария ауданына қарасты Жетікөл, Іңкәрдария, Ақжарма ауылдық округтерінде кездесу мен спорттық шаралар ұйымдастырылды. Жетікөл ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен, жеке кәсіпкерлермен “Адал өмір сүруді үйрен” тақырыбында кездесу өтсе, Іңкәрдария елді мекенінде кең көлемді түсіндірме жұмыстары мен спорттық шаралар жүргізілді. Ал ақжармалық жастар өздерінің жемқорлыққа қарсы екенін спорттық жарыс ұйымдастыру арқылы дәлелдеді. Нақтырақ айтқанда жастар спорт бәсекесінде жемқорлыққа қарсы ұрансөздер айтып, тазалықты, адалдықты, әділдікті ту етті.
Ауданға қарасты Іңкәрдария ауылдық округінде “Таза қол – таза ар” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған шараға бюджеттік сала мамандары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, белсенді жастар және ауыл тұрғындары қатысты. Сонымен бірге Айдарлы, Бесарық және Шіркейлі ауылдық округтерінде де іс-шаралар өтті. Айдарлы ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу бағытында ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге ауыл көлеміндегі бюджеттік сала қызметкерлері, белсенді жастар, ауыл ардагерлері қатысты. Ал, Бесарық пен Шіркейлі ауылында “Адалдық – адамның ең асыл қасиеті” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсер ететіні айтылды. Қатысушылар жемқорлықпен күрес шараларын бірлесіп жүргізгенде ғана нәтиже болатынына тоқталды. Сонымен қатар, “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобасы аясында қолға алынған жұмыстарды жергілікті басылымдарда ақпараттандырудың маңызды екені айтылды.
Аудан орталығы Тереңөзек кентінде және Шаған, Айдарлы ауылдық округтерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жою бағытында іс-шаралар өтті. “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобасы аясында ұйымдастырылған шараға бюджеттік сала қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты. Тереңөзек кентінде өткен кездесу “Адалдық – адамның ең асыл қасиеті” тақырыбында өрбіді. Кездесуге қатысушылар жемқорлық ауыр қылмыс екенін айтып, онымен күресуге әрбір азамат міндетті деген өз ойларын білдірді.
Шаған ауылдық округінде өткен сұхбат алаңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары ауданымызда жүйеленгеніне тоқталды. Жемқорлықты жоюға жергілікті мемлекеттік мекемелер белсенді атсалысып жатқаны айтылды. Ал, Айдарлы ауылында өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары жемқорлықпен күресуге негізделген түрлі іс-шаралар елді мекенде тұрақты түрде өткізіліп жатқанынан мысал келтірді. “Ақмешіт – адалдық алаңы” жобасы аясында қолға алынған жұмыстардың нәтижесі болатынына сенім білдірді.
Жалпы, алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары ауданымызда жүргізіле береді. Іс-шаралар аудан әкімінің баспасөз қызметі арқылы әлеуметтік желілер мен аудандық газетте ақпараттандырылатын болады. Басты мақсат – қылмысты түп тамырымен жойып, адал ортаны қалыптастыру.

Досбол ӘЛШЕРОВ,
аудан әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыстар
бөлімінің басшысы
24 тамыз 2019 ж. 878 0