Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғи газдан қауіп көп

Табиғи газдан қауіп көп

Газды және ағаш пешті пайдаланған кезде газдардың шығуы газдан уланудың негізгі көзі болып табылады. Пештегі жарықтар және түтін құбырларының бітелуі улы газдардың бөлмеде таралуына әкеледі. Пешке таза ауаның жетіспеуінен үйдің ішінде улы газдар жиналады. Үйдің тар конструкциясы газбен уланудың қауіп-қа­терін күшейтеді. Өйткені, ауаның еркін алмасуы маңызды.

Улы газбен улануды тоқтату үшін мына ережелерді назарға алу қажет:

– гараж есіктері ашық болған жағдайда да гараж ішінде көлікті қосылу қоз­ғалт­қышпен қалдырмаңыз;

– үйде, гаражда және жертөледе ешқашан генераторларды қоспаңыз. Ашық те­резелер және есіктер немесе желдеткіш үй ішінен тұншықтырғыш газды шығара алмайды. Ешқашан арнайы құрал-саймандарсыз, отынды жағатын құрылғыларды қолданбаңыз және орнатпаңыз;

– ұйықтайтын бөлмеде немесе жабық бөлмеде желдетпейтін газ құрылғыны қолданбаңыз;

Газды дұрыс пайдалану жөніндегі төменгі кеңестерге назар ауда­ры­ңыз.

Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:

– жалғастырушы түтіктердің ақаулары;

– түтіктің редуктормен және газ құрал-жабдығымен нығыздап жалғанбауы;

– бұрандалы жалғастырушылардың тығыз болмауы;

– оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;

– оттықты дұрыс тұтандырмаудан болуы мүмкін.

Маңызды қағидаларды есте сақтаңыз!

– газ құрал-жабдықтарын өз бетіңізше жөндемеңіз;

– газ түтіктеріне кір жаятын жіпті байламаңыз;

– газ желісі түтіктерінің ақауларын жөндемеңіз. Себебі, аспаптан қатерлі ұшқын шығуы мүмкін;

– газ құрал-жабдықтарын балалардың қолы жететін жағдайда қараусыз қал­дырмаңыз.

Егер сіз газдың өткір иісін сезсеңіз, шүмекті дереу жабыңыз. Үйді желдетіңіз (терезе, есіктерді ашыңыз). Газ шыққан жерді тек сабын көбігінің көпіршіктері ар­қылы ғана анықтауға болады.

Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлерінің жұмыс бары­сында әлдебір келеңсіз жағдайларды байқасаңыз, 21-4-94 сенім телефонына ха­бар­лаңыздар.




А.Ө.Мұқтар,
Сырдария ауданының төтенше
жағдайлар бөлімінің курсанты
16 шілде 2022 ж. 385 0