Тұрмыстағы газды пайдалану кезіндегі ереже талаптары
Тұрмыста қолданылатын сұйытылған газ (баллондар) аса қауіпті болып табылады. Газдың иісі шыққан кезде олар тұншықтырғыш газбен улануға алып келеді, ең қорқыныштысы жарылысқа әкелуі мүмкін. Осы ретте, Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі күнделікті өмірде тұрмыстағы газды пайдалану кезіндегі ереже талаптарын ескертеді.
– Тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пункттерде ғана баллондарды құюды жүзеге асыру;
– Баллонды ауыстырар алдында жаңа немесе пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз, ауыстырылғаннан кейін герметикалығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін жағу арқылы);
– Баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзындығы метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;
– Газ құралдарын қосу кезінде ретін сақтаңыз алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;
– Тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;
– Газдың шығып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтардың отқа төгілмеуін қадағалаңыз;
– Газ плитасының жанарғыларын үнемі тазалаңыз.
– Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.
– Үй-жағдайында газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.
Тыйым салынады:
– Өз бетінше үйді газдандыруға, орнын ауыстыруға, кез келген газ жабдығын жөндеуге;
– Тиісті қызметтердің рұқсатынсыз, жабдықтың орналасқан жерін өзгерте отырып, үй-жайды қайта жоспарлауды жүргізу;
– Жабдық жарамсыз болған жағдайда газды пайдалануға;
– Газ құралдарын қараусыз қалдыруға немесе оларды балалармен пайдалануға рұқсат етуге;
– Үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын пайдалану;
– Газ аспаптары орнатылған бөлмелерде ұйықтау.
Өрт немесе жану оқиғасы болған жағдайда өрт сөндіру бөлімінің 101, 112 немесе 21-2-00 телефонына хабарласып,жағдайды, мекен-жайды асықпай, толық айтуы тиіс.
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде 21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданы
төтенше жағдайлар бөлімі
төтенше жағдайлар бөлімі