Жергілікті газеттің жанашыры
Ақжармалық Марат Бисеновтің есімі аудан халқына етене таныс. Ол – аудандық мәслихаттың депутаты, «Ақжарма-2» шаруа қожалығының төрағасы, белгілі кәсіпкер. Жақсы істердің басы-қасынан табылып, көпке шапағатын тигізіп келе жатқан азамат аудандық газеттің де нағыз жанашыры.
Өткен аптада редакциямызға ақжармалық Қалданбек Сыздықов, Мырзахмет Қараев, Қарашаш Қалменова бастаған ардагерлер хабарласып, ауылдың Атымтай Жомарты атанған азаматқа ризашылықтарын білдірді. Ардагерлер жыл сайын ақжармалық 50-ден астам ардагердің мекен жайына жергілікті басылымды демеушілікпен жаздыртып беретін Марат Бисеновке алғыстарын айтты. Мұны қазыналы қариялардың жүрекжарды лебізі, көрсетілген құрметке деген риясыз алғысы десек жарасады. Расында да жомарт жанның бұл үлгілі үрдісі көпшілікке, әсіресе шаруашылық төрағаларына үлгі-өнеге.
– Жергілікті басылымның әр нөмірін асыға күтеміз. Газетте жарияланған тәрбиелік, тарихи танымдық мақалаларды үзбей оқимыз. Мұнан бөлек аудан әкімінің қандай жұмыстар атқарып, апта көлемінде не істегенінен де аудандық газет арқылы хабардар болып отырамыз. Ал осы газетті оқуымызға бірнеше жылдан бері Марат Алдабергенұлы қолдау көрсетіп келеді. Бір ардагерге, екі ардагерге жергілікті басылымды жаздыртып беруге болатын шығар, ал 50-ден астам ардагерге жаздыртып беру – нағыз үлгілі іс. Сондықтан алғысымыз шексіз, – дейді еңбек ардагері Қалданбек Сыздықов.
Бұл сөзді ардақты ардагерлер Мырзахмет Қараев пен Қарашаш Қалменова қуаттай түсті. Олар текті әулеттің түлегі болған азаматтың өзге де үлгілі істерін айтып өтті. Әсіресе, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, ауылдың өнерлі жастарына деген қолдауын жоғары бағалады. Осы ретте биыл Марат Бисеновтің демеушілігімен ауыл тұрғыны, жалғызбасты ана Гүлмира Әбілдаеваның тұрғын үйінің шатыры жаңартылғанын айтып өтуміз қажет. Мұнан бөлек кәсіпкер кәсіби мерекелер мен атаулы күндерде де ауыл әкімдігінің ұсынысына сай ауыл халқына көмегін көрсетіп келеді. Мұның бәрі – шынайы жанашырлықтың белгісі.
Біз де өз тарапымыздан аудандық газеттің таралымының артуына қолдау көрсетіп келе жатқан азаматқа алғысымызды айтып, жұмысына жеміс тілейміз!

«ТТ» ақпарат