Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жергілікті кәсіпкердің қолдауы

Жергілікті кәсіпкердің қолдауы

Әлемді алаңдатқан пандемия кезеңінде жергілікті кәсіпкерлердің көмегі, жанашырлық жақсы істері анық сезілуде. Олардың қатарында «Ақжарма және К» ЖШС төрағасы Қайрат Нұрсейітовтің денсаулық сақтау саласына бағыттаған қолдауына ерекше тоқталуға болады. Бүгін аудандық газеттің тұрақты оқырманы ретінде басылымның электронды поштасына өз пікірімді жолдауды жөн көрдім.

Газет – насихат құралы. Ақпараттық саясатты жүргізіп келе жатқан аудандық басылым ауданда қауіпті індетке шалдыққан алғашқы науқас тіркелгеннен бері арнайы айдарлар ашып, сұхбаттар жариялап, оқырман қауымға мақалалар топтамасын ұсынып келеді. Сонымен бірге зиялы қауым өкілдерінің пікірі, ақыл-кеңесі де басылым бетінде жариялануда. Осы ретте «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деген ниетте ауылымыздың жанашыры Қайрат Болатұлының жасаған қамқорлығына тоқталайын.
Ауылдық амбулаторияның сұранысына сәйкес «Ақжарма және К» ЖШС тарапынан ауылдық амбулоторияға ИВЛ аппараты табысталды. Аталған аппараттың қазіргі таңдағы көмегі көп екені белгілі. Бұл аппарат науқастардың тезірек сауығып кетуіне өте қажетті. Ақжармадағы игі іс көршілес Іңкәрдария ауылында да жалғасын тапқанын естіп, қуандық. Кәсіпкер Қ.Нұрсейітов іңкәрдариялықтарға құны 720 мың теңгені құрайтын «Armed»7F-3L оттегі концентраторын алып беріпті. Елді мекеннің дәрігерлерінің ризашылығы шексіз екені анық.

Ақжарма ауылында карантин талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Ауыл әкімінен бастап ауылдағы мекеме басшылары мен ардагерлер тұрғындарға сақтық шараларын ұстану қажеттігін түсіндіруде. Бізде өз отбасымызда тазалықты сақтап, оқшауланып, аса қажеттілік болмаса үйден шықпай, тәртіпке бағынып отырмыз. Мен ана ретінде бұл кезеңнен аман-есен өтетінімізге сенемін. Лайым, тек жақсы жаңалықтар болсын!

Дина Шайымова,
Ақжарма ауылының тұрғыны
28 шілде 2020 ж. 303 0