Тереңөзек-Қызылорда бағытында шағын автобус жүргізілуде

Аталған жұмыстар барысында такси қызметімен заңға сәйкес жұмыс жасау үшін «Орда Транс логистикс» ЖШС-гі тарапынан заңдастыру жұмыстарын жүргізуге көмек беретіндігі жеткізілді.
Сонымен қатар, жұмысшы топ және қоғамдық, ардагерлер кеңесі мүшелерімен Қызылорда-Тереңөзек аралығына қатынайтын такси қызметінің бағасын 600 теңгеден 500 теңгеге түсіру мәселесі қозғалып, такси қызметкерлеріне ұсыныс білдірілді.
Сонымен қатар, бүгінгі күні облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен Тереңөзек-Қызылорда бағытына жолаушылар ағымын зерделеп үйрету мақсатында жол ақысы 400 теңгеден Toyota Hiace миниавтобусы жүргізілуде. Аталған маршрут Қызылорда қаласының Аль-Асад аумағынан Тереңөзек кентіндегі аудандық білім бөлімі мекемесінің алдындағы (кент әкімдігіне қарама қарсы) аялдамадан жүріп жатыр. Алдағы уақытта жолаушылар ағымы үйренген уақытта қосымша автобустар жүру жоспарлануда.