Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қараусыз жүрген малдың иелеріне айыппұл салынады

Қараусыз жүрген малдың иелеріне айыппұл салынады

Заман тынысы кеңейіп, қоғам дамыған сайын жаңа талаптар мен қажеттіліктер туындайды. Сондай жаңа талаптардың бірі де бірегейі – пада ұйымдастыру. Паданың ұйымдастырылуы аудан орталығының таза, жинақы болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ мал ұрлығы қылмыстарының алдын алуға септігін тигізеді. Ең маңыздысы пада ұйымдастыру арқылы мал иелері айыппұлдар мәселесінен құтылады.

Тереңөзек кентінің әкімдігі мал иелері үшін аса маңызды ақпараттарды ұсынып, тұрғындардың бірқатар ескертпелерге назар аударуын сұрайды. Яғни ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505 бабының 1-тармағында ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма (1 АЕК-3063) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондықтан Тереңөзек кенті тұрғындары малдарын өріске айдап және өрістен күтіп алуды сұраймыз.

2021 жылы Тереңөзек кенті әкімдігі иесіз жүрген малдарды арнайы орынға қамап, 6 мал иелеріне айыппұл салынса, 15 мал иелеріне ескерту шаралары қолданылды.

2022 жылы 5 мал иелеріне ескерту шаралары қолданылды.




Тереңөзек кентінің әкімдігі
10 маусым 2022 ж. 831 0