Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Тәуелсіздік тұмары

Тәуелсіздік тұмары

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміз­дер күні қарсаңында «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Сырдария аудандық филиалы «Рәміздер – тәуелсіздік тұмары» атты дөңгелек үстел өткізді.

Карантиндік талаптарды сақтай отырып жүргізілген басқосудың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің басты құндылық екендігін жан-жақты түсіндіре отырып, адамдардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру болды. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің мемлекеттік мекемелерде орналастырылуы, қорғалуы туралы түсінік берілді. Сондай-ақ, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікке баулу, мемлекеттік рәміздерге зор құрметпен, шынайы сезіммен қарауға дағдыландыру – дөңгелек үстелдің басты тақырыбы болды.

Аталған іс-шараға аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Г.Божан, аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Т.Нұрма­ғанбетов және аудандық филиал қызметкерлері қатысты.

Еркін пікір алмасу форматында өткен дөңгелек үстелді аудандық филиалдың басшысы Р.Турикбаев ашып, қатысушыларды іс-шара мақсатымен таныстырды.

– Бүгінгі дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне арналады. Егемендік алғаннан кейін еліміз 1992 жылы 4 маусымда өзінің Мемлекеттік рәміздерін бекітті. Бұл күн Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн ретінде мәңгі есте қалады. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі, сондықтан тәуелсіздік белгісі ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Тәуелсіз мемлекеттің әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеп, қастерлеу азаматтық парызы екендігін түсінуге тиіс, – деді аудандық филиал басшысы.

Сөз алған аудандық мәслихат аппа­ратының басшысы Г.Божан:

– Бүгінгі жастарды патриоттыққа тәр­бие­леудің түрлі жолдары қарас­тырылып келеді. Соның бірі жастар ара­сында рәміздерімізді насихат­тау. Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты, – деп, ұйымдастырылған шараның маңызды­лығына тоқталса, ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Т.Нұрмағанбетов:

– Еліміздің шекарасын қалай кірпік қақпай күзетер болсақ, мемлекеттік рәміздерімізді де солай қадірлеу әр адамның қасиетті парызы болып саналмақ, – деп, мемлекеттік мекемеде рәміздердің орналасу, қорғалуы турасында қатысушыларды ақпараттандырды. Нормалар сақталмаған жағдайда әкімшілік айыппұл салынатынын мәлімдеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар рә­міздер – мемлекет тәуелсіздігінің тірегі екенін айтып, өзара пікір алмасты.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
05 маусым 2021 ж. 534 0