Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Білім саласы өкілдерімен кездесу өтті

Білім саласы өкілдерімен кездесу өтті

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Смағұл аудандағы білім саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Мәжіліс депутаты 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдум жайлы түсіндірме жасады.

«Суперпрезиденттің заманы кетті, қазір халық өкілдері отырған мықты Парламенті бар президенттік басқару формасымен өмір сүруге аяқ басудамыз. Президент билігінің құзыреттерін барынша шектеп халықпен бөлісіп отыр. Бұдан әрі ауыл, аудан қала, облыстар өз әкімдерін, мәслихаттарын сайлайды, Президенттің ұсыныстарына келісім береді, жеке аймақтың қаржысын игеруге қол жеткізеді. Жер мен оның қойнауындағы дүниенің барлығы халықтікі болып есептеледі. Өлім жазасына толық тыйым салынды. Сайлаушылар жеке мандатпен қайраткерлер мен тұлғаларды сайлай алады. Осындай күтілетін жаңалықтарға толы саяси реформалар жалпыхалықтық референдум арқылы анықталмақ»,- деді Б.Смағұл.

Аталмыш кездесуге облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов және аудандық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов қатысты.
03 маусым 2022 ж. 409 0