Мәжіліс депутаты А.Тоқмағанбетов ауылы халқымен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл А.Тоқмағанбетов ауылында болып, жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы бойынша кездесу өткізді. Мәжіліс депутатымен қатар кездесуге облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов және аудандық мәслихат депутаты Ж.Ембергенов қатысты. Асқар ауылы тұрғындарымен кездесу барысында Мәжіліс депутаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Референдумды өткізу туралы бастамасының мәні мен мағынасы бағытында сөз қозғады. Мәжіліс депутаты Конституцияға өзгерістер енгізу туралы халыққа түсіндірудегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарда белсенді болатындарын жеткізді.
Жаңа Қазақстанды құру үшін Ата Заңымызды жаңаша, яғни қазіргі заманның талабына сай етіп бекітіп алуымыз керек. Президенттің бұл бастамасын ел болып қолдауға және 5 маусымда өтетін референдумға бірауыздан атсалысуға шақырамын, – деді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.
Өз кезектерінде А.Тоқмағанбетов ауылының тұрғындары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бұл бастамасын толықтай қолдайтындықтарын атап, 5 маусымда өтетін референдумға атсалысатындықтарын жеткізді.