Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудандық мәслихат депутаты дәріхана ұжымымен кездесті

Аудандық мәслихат депутаты дәріхана ұжымымен кездесті

Бүгін Тереңөзек кентіндегі «Аңсар» дәріханалар желісі қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Аталмыш кездесуге аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы қатысып, 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдум жайлы түсіндіріп, дауыс беруге шақырды.

Түзетулер қабылданған жағдайда депутаттардың 50%-ы облыстарда, қалалар мен аудандарда тікелей дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен сайланатын болады. Сайлаушылар жеке қасиеттері мен тәжірибесін ескере отырып, белгілі бір адамға дауыс береді. Конституциялық деңгейде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесі бекітіліп, Конституциялық сот құрылады, – деп түсіндірді штаб мүшесі А.Ибрагимұлы.

Аудандық партия филиалы жанындағы штаб мүшелері ұжымдармен кездесіп, референдумның маңыздылығына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.






Жұмабек Ембергенов,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі
31 мамыр 2022 ж. 466 0