Білім саласы өкілдерімен кездесу өтті
Кеше аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, аудандық штаб төрағасы Е.Жақып Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында штаб төрағасы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдум жайлы түсіндірме жасады.
«Суперпрезиденттің заманы кетті, қазір халық өкілдері отырған мықты Парламенті бар президенттік басқару формасымен өмір сүруге аяқ басудамыз. Президент билігінің құзыреттерін барынша шектеп халықпен бөлісіп отыр. Бұдан әрі ауыл, аудан қала, облыстар өз әкімдерін, мәслихаттарын сайлайды, Президенттің ұсыныстарына келісім береді, жеке аймақтың қаржысын игеруге қол жеткізеді. Жер мен оның қойнауындағы дүниенің барлығы халықтікі болып есептеледі. Өлім жазасына толық тыйым салынды. Сайлаушылар жеке мандатпен қайраткерлер мен тұлғаларды сайлай алады. Осындай күтілетін жаңалықтарға толы саяси реформалар жалпыхалықтық референдум арқылы анықталмақ»,- деді Еркебұлан Төлепбергенұлы.
Референдум өткізу туралы Жарлық жарияланған күннен бастап Сырдария аудандық партия филиалының штаб мүшелері 20-дан астам сала өкілдерімен кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.