Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қалжан Ахун ауылы тұрғындарымен кездесу өтті

Қалжан Ахун ауылы тұрғындарымен кездесу өтті

Республикалық штаб мүшеСі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Шиповскихтің Сырдария ауданына іс-сапары Қалжан ахун ауылынан басталды. Аталмыш кездесуге аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып және аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы қатысты.

Кездесу барысында Республикалық штаб мүшесі өз кезегінде «Адам құқығын қорғау деген үлкен жүйе бар. Елімізде Конституциялық сот пайда болады. Бұл Конституциялық кеңестің орнын басады. Конституциялық кеңес – саяси орган, сот емес. Бұған қарапайым азаматтар жүгіне алмайды. Конституциялық кеңеске Сенат пен Мәжілістің төрағалары, депутаттар, Үкімет басшысы секілді үркердей топ қана жүгінеді. Ендігі жерде бұлай болмайды. Конституциялық сотқа конституциялық құқығы бұзылған адамдардың бәрі жүгіне алады»,- деді.

Сонымен қатар, аталмыш кездесуде Ата Заңға енгізілетін басқа да нормалар сөз болып, түсіндірілді. Тұрғындар өз кезегінде көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
02 маусым 2022 ж. 605 0