Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалжан Ахундықтар референдум өткізу туралы бастаманы қолдайды

Қалжан Ахундықтар референдум өткізу туралы бастаманы қолдайды

«АМАNАТ» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы штаб мүшесі А.Әбілда Қалжан ахун ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде тұрғындарға референдумның маңыздылығы айтылып, Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша ақпараттар берілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша биылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Конституциялық реформа – Президенттің наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды іс-шара болып табылады.

Негізі Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының мамандары әзірледі. Оған Конституциялық Кеңес оң бағасын берді. Сондықтан референдумға қатысып, дауыс бергеніміз дұрыс.
20 мамыр 2022 ж. 364 0