Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақжармалықтармен кездесу өтті

Ақжармалықтармен кездесу өтті

5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумды түсіндіру мақсатында аудандық штаб мүшелері Ақжарма ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудандық штаб төрағасы, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып және штаб мүшесі, аудандық мәслихат депутаты М.Бисенов қатысты. Кездесу барысында Ата Заңға жасалатын өзгертулер мен толықтырулар туралы түсіндірме жасалды.

«Мемлекеттің жерге, оның жер қойнауы мен байлығына меншік құқығы, өлім жазасына толық тыйым салу, конституциялық сотта конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау және т.б. сияқты маңызды мәселелер 27 жыл ішінде тұңғыш рет Қазақстанның барлық азаматының пікірін ескере отырып шешілетін болады. Біз бәріміз Конституцияға енгізілген маңызды түзетулер үшін дауыс беруіміз керек. Бұл өзгерістер арқылы жүзеге асатын жаңа саяси реформалар демократиялық қайта құруға деген адалдықты көрсетеді», деді штаб төрағасы Е.Жақып.

«Конституциялық өзгерістер – бұл саяси реформа ғана емес, сонымен бірге біздің қоғамдағы үлкен өзгеріс. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабына өзгеріс енгізіледі. Сондықтан бәріңізді референдумда дауыс беруге шақырамын, бұл біздің азаматтық парызымыз», деді М.Бисенов.

Кездесуге қатысушылар Ата Заңға түзетулер енгізуге қатысты жалпыхалықтық дауыс беру Жаңа Қазақстанды құруда негізгі рөл атқаратынын атап өтті.
27 мамыр 2022 ж. 321 0