Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Республикалық штаб мүшесі Ғ.Әміреевтің сапары Шіркейлі ауылында жалғасты

Республикалық штаб мүшесі Ғ.Әміреевтің сапары Шіркейлі ауылында жалғасты

Бүгін Республикалық штаб мүшесі Ғ.Әміреевтің Сырдария ауданына сапары Шіркейлі ауылында жалғасты. Бұл жерде ауылдық мәдениет үйінде Шіркейлі ауылының тұрғындарымен кездесу өтті. Аталмыш кездесуге облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев және «Шіркейлі» бастауыш партия ұйымының төрағасы С.Сұлтанов қатысты. Кездесу барысында Республикалық штаб мүшесі Ғалым Махмұтбайұлы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мәні мен мағынасын ашып түсіндірді. Сонымен қатар, Конституциямыздың үштен бір бөлігіне жасалатын өзгерістер мен толықтыруларды атап айтты. Конституциялық соттың пайда болуы, азаматтардың ел басқару ісіне араласуы, сайлау жүйесіне жасалатын өзгерістер жайлы ашып айтты.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары 5 маусымда өтетін референдумға бірауыздан қатыстатындықтарын жеткізді.
13 мамыр 2022 ж. 653 0