Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Штаб мүшелері Шаған ауылы тұрғындарымен кездесті

Штаб мүшелері Шаған ауылы тұрғындарымен кездесті

Аудандық партия филиалы жанынан құрылған штаб мүшелері Шаған ауылы тұрғындарымен кездесті. Аталмыш кездесуге штаб төрағасы, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып, штаб мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Жаңабаева қатысты. Ауыл тұрғындарына 5 маусымда өтетін референдумның басты мақсаттары мен міндеттері толық ашылып түсіндірілді.

Мемлекетімізде болып жатқан саяси өзгерістерді мемлекеттік басқарудың трансформациясы, қайта құрылуы деп қабылдау қажет. Суперпрезиденттіктен ықпалды парламенті бар президенттікке өту - Бірінші республикадан екінші республикаға өту дегенді білдіреді. Екінші республиканың негізгі қағидаттары Ата Заңымызға енгізілетін 33 толықтырулар негізінде жүзеге асады. Оның басты бағыттары: Парламенттің нығаюы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілетінің кеңеюі, сайлау жүйесінің жаңа үдерісін жүзеге асыру және партиялық жүйені оңтайландыруға бағытталған. Ең бастысы - фундаменталды адам құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылмақ. Мысалы: Ата Заңға енгізілетін 33 өзгеріс негізінде Конституциялық сот пайда болады. Соның негізінде алдағы уақытта заңнамамларға өзгертулер енгізіледі. Нәтижесінде кез келген Қазақстан азаматы Конституциялық құқығы бұзылған жағдайда аталмыш Конституциялық сотқа жүгіне алады,-деді Е.Жақып.

Жаңа Қазақстан құру жолындағы Мемлекет басшысының бұл бастамасын ел болып қолдауымыз қажет,-деді Ғ.Жаңабаева

Ауыл тұрғындары тарапынан ұсыныстар айтылып, референдумға ел болып атсалысатындықтары жеткізілді.
26 мамыр 2022 ж. 420 0