Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өтті

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесу өтті

Бүгін аудандық емхананың мәжіліс залында 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мәні маңызын түсіндіру мақсатында кездесу өтті. Аталмыш кездесуге аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, штаб төрағасы Е.Жақып, аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, штаб мүшесі Ж.Ембергенов және штаб мүшесі Қ.Ерманов қатысты.

«Мемлекет басшысы 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан. Президент атап өткендей, конституциялық реформалар барлығына тең мүмкіндіктер мен тең жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіреміз, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша біз Екінші Республиканы құрамыз. Конституциялық реформа барлық өзгерістерді сәтті жүзеге асыру үшін қажет. Қазіргі реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттіктерін шектеу арқылы супер-президенттік басқару формасынан түпкілікті кету»,-деді Е.Жақып.

«Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жобасын талқылау ең алдымен ел болашағы үшін маңызды. Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер енгізу арқылы қазіргі қоғамымыздың сұраныстарын толық қанағаттанарлық жағдайына жетеміз деген ойдамыз», – деп қорытындылады Ж.Ембергенов.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері өз кезегінде елдегі реформаларды қолдайтындықтарын жеткізіп, 5 маусымда өтетін референдумға атсалысатындарын жеткізді.
16 мамыр 2022 ж. 390 0