Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім саласы ардагерлерімен кездесу өтті

Білім саласы ардагерлерімен кездесу өтті

Конституция реформаланып, ондағы 33 бапқа түзету енгізілетін маңызды оқиға Президент айтқан жаңа, әділетті Қазақстанды құрудың негізгі қадамы болатыны анық. Ал Жаңа Қазақстанды құруға ел азаматтары түгелдей атсалысуы керек екені де мәселе көтерілгелі бері айтылып келеді. Осы орайда, Сырдария ауданындағы білім саласы өкілдерімен аудандық штаб мүшелері кездесу өткізді. Аталмыш кездесуге аудандық штаб төрағасы, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып, штаб мүшелері А.Есназар, М.Еспенбетов қатысты.

Кездесу барысында ардагерлер сөз алып, еліміз жаңғыру алдында тұрғанын, үміт пен күдік аралас бұл кезеңде халық болып жұмылу керек екенін айтты. Өз ойларын ортаға салып, ел ішіндегі түйткілді мәселелерге де тоқталып өтті.
01 маусым 2022 ж. 312 0