Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Н.Ілиясов ауылы тұрғындарымен аудандық штаб мүшелері кездесті

Н.Ілиясов ауылы тұрғындарымен аудандық штаб мүшелері кездесті

Бүгін аудандық штаб төрағасы, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып және штаб мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Д.Ералиев Нағи Ілиясов ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында штаб мүшелері алдағы референдумның маңыздылығына тоқталды.

Тұрақтылықты сақтау және демократияландыру жолындағы қозғалысты жалғастыру үшін бүкілхалықтық талқылауға еліміздің негізгі Заңының 33 бабына түзетулер енгізілді. Олар іс жүзінде біздің өміріміздің барлық аспектілерін қозғайтындықтан бүкіл қоғамның қатысуын талап етеді, – деді штаб мүшесі Д.Ералиев.

Түзетулер қабылданған жағдайда депутаттардың 50%-ы облыстарда, қалалар мен аудандарда тікелей дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен сайланатын болады. Сайлаушылар жеке қасиеттері мен тәжірибесін ескере отырып, белгілі бір адамға дауыс береді. Конституциялық деңгейде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесі бекітіліп, Конституциялық сот құрылады, – деп түсіндірді штаб төрағасы Е.Жақып.

Қазіргі таңда аудандық партия филиалы жанынан құрылған штаб мүшелері Конституцияға жасалатын өзгерістер мен толықтырулар туралы барлық елді-мекендерде және ұжымдарда кездесулер өткізді.
26 мамыр 2022 ж. 391 0