Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Жаңа технологияның нәтижесі​ ​

Жаңа технологияның нәтижесі​ ​

Сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдау аясы кеңейіп, ақпараттық сервистерді және оларды пайдалану механизмдері күн өткен сайын жетілдіріліп келеді. Сот жүйесі жұмысына жаңа технолгияларды енгізудің маңызы зор. Жоғарғы технологиялар азаматтарға сот төрелігіне деген қолжетімділікті кеңейтіп, оның ашықтығын арттырады.

Қазіргі таңда жаңа озық технологиялардың қатарына «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі, «Гибридті электронды пошта» қызметі, СМС хабарламаларды жөнелту, сот процестерін аудио-видео жүйесі арқылы қарау секілді жаналықтарды айтуға болады.

«Гибридті электронды пошта» қызметі дегеніміз – бұл электронды құралдарды қолдана отырып, алушыға жеткізілетін қағаз түріндегі хат-хабарлар. «Гибридті электронды пошта» қызметі қазіргі таңда жедел әрі үнемді болып отыр. Аудандық сотымен жіберілген хаттар конвертке салынып, «Казпошта» АҚ-мен берілген бірегей пошталық штрихті идентификаторды енгізіп, поштаға жіберіледі. Осыдан кейін біздің бағдарламада хаттардың ағымдағы статустары көрініп тұрады. Олар «Табыс етілді», «Жеткізілді» немесе «Кері қайтарылды» деген белгілермен көрсетіледі. Яғни, сот қызметкерлеріне хат-хабарламаның ағымдағы жағдайын бақылап отыруға мүмкіндігі қарастырылған.

Гибридті жолдау технологияларын қолдану кезінде кеңседен хаттар пошта байланыс бөліміне электронды түрде жолданады, одан әрі қарай пошта бөлімшелері алынған электронды хатты қағаз түрінде басып шағарады және конвертке салып көрсетілген мекен жайға жеткізіп береді. Бұл жерде хат-хабардың жоғалып кету жағдайларына жол берілмейді.







Сырдария аудандық сотының
іс жүргізу инспекторы А.Рашидова

31 мамыр 2022 ж. 458 0