Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа технологияның нәтижесі

Жаңа технологияның нәтижесі

Сот жүйесінде жаңа технологияларды қолдау аясы кеңейіп, ақпараттық  сервистерді  және оларды пайдалану механизмдері күн өткен сайын жетілдіріліп келеді. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген сот ісін жүргізудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін үлкен жоба. Сот жүйесі жұмысына жаңа технологияларды енгізудің маңызы зор. Жоғарғы технологиялар азаматтарға сот төрелігіне деген қолжетімділікті кеңейтіп, оның ашықтығын арттырады.
Қазіргі таңда жаңа озық технологиялардың қатарына «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі, «Гибридті электронды пошта» қызметі, СМС хабарламаларды жөнелту, сот процестерін аудио-видео жүйесі арқылы қарау секілді жаңалықтарды айтуға болады.
«Гибридті электронды пошта» қызметі дегеніміз – бұл электронды құралдарды қолдана отырып, алушыға жеткізілетін қағаз түріндегі хат-хабарлар. «Гибридті электронды пошта» қызметі қазіргі таңда жедел әрі үнемді болып отыр. Аудан сотымен жіберілген хаттар конвертке салынып, «Казпошта» АҚ-мен берілген бірегей пошталық штрихті идентификаторды енгізіп, поштаға жіберіледі. Осыдан кейін біздің бағдарламада хаттардың ағымдағы статустары көрініп тұрады. Олар «Табыс етілді», «Жеткізілді» немесе «Кері қайтарылды» деген белгілермен көрсетіледі. Яғни, сот қызметкерлеріне хат-хабарламаның ағымдағы жағдайын бақылап отыру мүмкіндігі қарастырылған.   Гибридті жолдау технологияларын қолдану кезінде кеңседен хаттар пошта байланыс бөліміне электронды түрде жолданады, одан әрі қарай пошта бөлімшелері алынған электронды хатты қағаз түрінде басып шағарады және конвертке салып көрсетілген мекен жайға жеткізіп береді. Бұл жерде хат-хабардың жоғалып кету жағдайларына жол берілмейді.   

Ақнұр  Рашидова,
Сырдария  аудандық  сотының
 іс жүргізу инспекторы    

25 қыркүйек 2018 ж. 911 0