Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Құжат айналымы электрондық форматта жүргізілуде

Құжат айналымы электрондық форматта жүргізілуде

Құжат айналымы электрондық форматта жүргізілуде. Тұрғындарға сотқа жүгінген кезде (талап арыз, өтініш және де басқа да өтініштер беру) компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, соның ішінде электрондық пошта, «Сот кабинеті» сервисі, ЭАҚБЖ және т.б қызмет көрсету жүйелерімен жүгінуге болатындығы хабарланды.
Сот кабинеті - бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналады. Сондай-ақ сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады және сот актісін басып шығара алды.
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
Қазіргі таңда біздің сотқа жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін талап арыздар 100 пайыз электронды түрде түседі. Ол соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтады. Сонымен қатар, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Олардың денсаулығы мен өміріне қауіпсіз жағдай туғызады.
Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу, ең алдымен ашықтықты қамтамасыз етеді. Сол арқылы сот өндірісін жүргізу оңайлатылады. Мұндай тәсілдер еліміздің сот саласында интернет-ресурстың кеңінен қолданылуына, жүйе жұмысының әділ бағалануына жол ашады.
 Сонымен қатар, аудандық сотпен кейінге қалдыруға процестік мүмкіндігі жоқ істер бойынша сот процестеріне ақпараттық технологиялар қолданылып, («TrueConf», мобильді қосымшасы, «Whats App» желісі, бейнеконференцбайланыс көмегімен,  азаматтардың  қашықтықтан  қатысуы  қамтамасыз  етілуде.
«Сот кабинеті қызметі де тиімді жұмыс істеуде. Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Сырдария аудандық соты азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы байланысуға мүмкіндік жасап отыр.  
1.email:110210@sud.kz электрондық поштасына,
2. Сырдария аудандық сотының «Faсebook» желісіндегі парақшасына сұрақтарыңызды жолдауларыңызға болады. 


                                                     
Меңдігүл Асан,
Сырдария аудандық сотының жетекші   маман-баспасөз хатшысы                 
31 мамыр 2020 ж. 707 0