«Сот кабинеті» электрондық қызметі
Сот саласы заманауи озық ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесінде барынша ашық әрі қолжетімді болуда. Сондай сәтті іске асырылған жүйенің бірі- «Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе, ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады.«Сот кабинеті" арқылы өтініштерді, арыздарды, шағымдар мен өтініштерді дайындау және беру, мемлекеттік бажды онлайн-төлеу сияқты операцияларды орындауға болады.
Сервистегі электрондық сот құжаттарын қарауға, сақтауға және жүктеуге болады, сондай-ақ талап-арыз туралы ақпаратты, істі қарау барысының динамикасын көруге болады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты интернет-ресурсының "Сот кабинеті" электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа электрондық құжаттарды беру тәртібі сотқа электрондық құжат нысанында құжаттарды беру мүмкіндігін көздейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді. Осылайша, "Сот кабинеті" сервистерін пайдалану үшін сот ісін жүргізуге қатысушы электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі - ҰКО ЭЦҚ) алуы және ҰКО ЭЦҚ пайдалана отырып, "Сот кабинетінде" тіркеу рәсімінен өтуі қажет.
Сондай-ақ, iOS, Android және WindowsPhone мобильді платформаларында "Сот кабинеті" мобильді қосымшасы бар. Бұл сервис істерді тыңдау тізімдерін, берілген құжаттарды, хабарландыруларды, берілген құжаттардың мәртебесін, сот процесіне қатысушылардың күнтізбесін көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарлама пайдаланушыларға мәтіндік хабарламалармен алмасуға мүмкіндік береді.
Электрондық қызмет шеңберінде қатысушылардың сот құжаттарына онлайн режимінде қол жеткізілуі және іс бойынша процесті толық көлемде мониторингілеу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Бұл ретте, пайдаланушыларға сот актісін басып шығаруға, сондай-ақ істің тарихымен танысуға мүмкіндік берілді. Сервистегі электрондық сот құжаттарын қарауға, сақтауға және жүктеуге болады.
Сот процесіне қатысушыларға жедел хабарлау үшін судьяның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған сот актілерін шығару туралы SMS-хабарламалар жіберіледі.
Push-хабарламаларды (смартфондағы қалқымалы хабарламалар) алу үшін қосымшалардың баптауларында "хабарламалар" бөлімінде "хабарламалар алу" функциясын қосу керек.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйені біріктіруде ІТ жобасы аясында құжат айналымы жетілдіріліп, соттарға «Төрелік» ақпараттық жүйесі енгізілді. Осы ақпараттық жүйе арқылы азаматтарға шығарылған шешімдер, қаулылар басқа да қажетті ақпараттармен танысуға болады.
«Төрелік» ақпараттық жүйесі туралы айтатын болсақ, бұл сот саласындағы жетістіктердің бірі.
Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу, ең алдымен ашықтықты қамтамасыз етеді. Сол арқылы сот өндірісін жүргізуді оңайлатып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болады.

Сырдария аудандық сотының бас маманы Мендігүл Асан