Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт саласы өкілдерімен кездесу өтті

Спорт саласы өкілдерімен кездесу өтті

Аудандық мәслихат депутаттары, штаб мүшелері Ж.Ембергенов пен А.Ибрагимұлы ауданымыздағы спорт саласы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы айтылып, түсіндірме жасалды.

«Жүргізіп жатқан әр насихат, түсіндіру жұмысы түкпір-түкпірдегі халыққа жетеді деп ойлаймын. Халық арасында заңды сұрақтар туындап жатыр: Неге қазір Конституцияны өзгертеміз? Неге мұндай жағдайға мәжбүр болдық? Өздеріңіз білетіндей, «қаңтар оқиғасынан» кейін заман өзгеріп жатыр. Заман өзгергеннен кейін адам да өзгеріп жатыр. Сондықтан 27 жылдан бері референдум болмаған. Конституцияға соңғы енгізілген өзгерістер Парламент арқылы енгізілгенін білеміз, - деді Ж.Ембергенов.

«Бүгін біздің мақсатымыз – референдумның маңызы мен мәнін бүкіл бұқара халыққа барынша сауатты түрде жеткізу, халықты кеңінен ақпараттандыру. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болып сайланғанда сайлауалды бағдарламасында негізгі 3 мәселені көтерген болатын. Біріншісі, халықтың әл-ауқатын көтеру, Екінші, әділеттілік. Үшінші, мемлекетіміздің дамуы. Қазіргі күні болып жатқан барлық реформа Президентіміздің сайлауалды бағдарламасының логикалық жалғасы деп қарастыру керек. Президент ұсынған Конституциялық реформа елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жаңа сатына, жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұрғанын көрсетеді», - деп түсіндірді А.Ибрагимұлы.

Спорт саласының өкілдері өз кезегінде айтулы шарадан қалыс қалмайтындықтарын айтып, 5 маусымда өтетін референдумға атсалысатындарын атап өтті.







Жұмабек Ембергенов,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі
20 мамыр 2022 ж. 389 0