Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

№85 газет

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Референдум 2022:Аудандық пошта қызметкерлерімен кездесу өтті

Референдум 2022:Аудандық пошта қызметкерлерімен кездесу өтті

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанынан құрылған штаб төрағасы, атқарушы хатшы Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы және штаб мүшелері Е.Әжікенов пен Р.Есенов аудандық пошта торабы мекемесі қызметкерлерімен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау.

2022 жылдың 5 маусымы жалпыхалықтық референдум күні.

Референдумның мақсаты саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау. Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілмек – деді штаб төрағасы Е.Жақып.

«Мемлекеттік басқару жүйесін өзгертіп, елдегі саяси ахуалға жаңа дем беретін Конституциялық референдум – жалпыхалықтық деңгейде алғаш өткізіледі. Бұл – «Халық үніне құлақ астаны мемлекет» идеясының нақты жүзеге асуының дәлелі. Мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі – сайлаушылардың республикалық қана емес, жергілікті жердегі де мүддесін жіті қорғауға мүмкіндік туғызады»– деп аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов айтты.

Келесі кезекте сөз алған облыстық мәслихат депутаты, штаб мүшесі Р.Есенов «Алдағы референдум ел болашағына әсер ететін үлкен саяси реформа екендігін»,–атап өтті.

Пошта қызметкерлері өз кезегінде 5 маусымда жалпыхалықтық референдумға қатысатындықтарын атап айтты.






Жұмабек Ембергенов,
аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі
23 мамыр 2022 ж. 380 0