Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балалық шақтың балдәурені

Балалық шақтың балдәурені

Жас баланың тұңғыш мектебі де, ортасы да, алғашқы ұстаздары мен достары да ба­лабақша қабырғасынан басталады. Ба­ла­бақшада берілген тәрбие – барлық тәрбие­нің бастамасы. Әр үйдің еркесін білім мен тәр­биеге икемдеп, үлкен өмірге бағыттау оңай шаруа емес.

«Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы» деп білетін нағыз білікті мамандар «Нұр бақыт» бөбекжай балабақшасында тоқсан балаға тәлім мен тәрбие беріп келеді. Балабақша ауданға қарасты Шіркейлі ауы­лында орналасқан. Бақытты балалардың ордасына айналған орталық 2011 жылдан бастап ел ертеңдерін тәрбиелеу жолында қызмет етіп келеді. Былтыр құрылғанына он жыл толуын атап өткен бөбекжай балабақша бүлдіршіндері қазіргі таңда төрт топқа топтастырылған. «Айналайын», «Қарлығаш», «Нұрбөбек», «Ботақан» деген ат пен айдар тағылған топтарда балалар жас ерекшелігіне қарай топтасқан.

Балабақшаның оқу әдістемелік құ­ралдарын, материалдық техни­­ка­лық базасын нығайту мақса­тында әкімшілік-шаруашылық жұ­мыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Ба­ла­бақша заманауи­ технологиялар­мен, компьютер сыныптары, интер­белсенді тақ­та мен музыкалық ап­па­ратура және аспаптармен қам­тыл­ған. Сон­дай-ақ балаларға арнал­ған би киім­дері, шахмат, дойбы сияқ­ты балардың ой-өрісін дамытуға ар­нал­ған ойын құралдары да бар.

«Нұр бақыт» бөбекжай бала­бақ­шасын осы уақытқа дейін Бақтыгүл Мүсаева басқарып ке­леді. Бақтыгүл апайды балалардың жайлы ортада өсуіне барын салып жүрген білікті басшы десек болады. Апайдың осы күнге дейін қызмет бабында жеткен марапаттары мен «Алғыс хаттары», балабақша жетістіктері – сөзімізге дәлел. Аудандық, облыстық марапаттан бөлек, 2021 жылы «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың, Білім және ғылым министрінің арнайы «Алғыс хатына» ие бол­ғанын айта кеткеніміз жөн.
Балабақшада жоғары және арнаулы орта білімді, сондай-ақ жаңа форматтағы біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Олар әдістемелік оқыту семинарлары мен біліктілікті арттыру курстарына қатысып, ұдайы тәжірибе алмасып отырады.

Мереке мен айтулы күндер балабақша өмірінен тысқары қалған емес. Әр мейрам мен рухани құндылықты бала жадына тоқып, үйрету мақсатында Тәуелсіздік күні, Ұлыстың ұлы күні мен Халықаралық әйелдер күні сияқты мерекелер түрлі форматта өткізіліп отырады. Одан бөлек ашық сабақ, дөңгелек үстел, конференциялар өткізіліп, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнату жағы ұдайы назарға алынады.
Балабақша тәрбиеленушілері де бірінен бірі өткен дарынды әрі талантты. Облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулардан топ жарып жүрген балалар – ата-аналары мен ұстаздарының мақтанышы.

– Балаларымыздың бәрі өнерлі. Әрқайссының орны бөлек. Кішкентай балаларымыз үлкен белестерді бағындырып келеді. Тәрбиешілер де ұдайы біліктіліктерін арттырып отырады. Балабақша құрылғаннан бергі уақыт аралығында ұжым төрт облыстық және төрт аудандық, үш аймақтық деңгейдегі семинар өткізгенін атап өткеніміз жөн. Балалардың таза ауа­мен тыныстап, жайлы ортада тәрбиеленуі үшін көркейту көгалдандыру жұмыстары да жүйелі назарға алынады. Биыл көктемде ауламызға 150 түп ағаш пен гүл егіліп, балалармен бірге жайқалып өсіп келеді. Бүгінгі бала – ертеңгі болашағымыз. Сондықтан жас жеткіншектерге түзу тәрбие мен білім берілуі маңызды әрі үлкен жауапкершілік, – дейді «Нұр бақыт» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Б.Мүсаева.

Қоғамның құндылықтарын қабылдай білетін, сын тұрғысынан ойлап, тез өзгергіш әлемде еркін өмір сүре алатын білімді ұрпақты, еліміздің болашақ белсенді азаматарын тәрбиелеу мақсатында «Нұр бақыт» бөбекжай балабақшасы жоғары деңгейде жұмыс атқарып келеді. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» дейді. Әрбір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеп жүрген ұжым жұмысына сәттілік тілейміз.




Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
31 мамыр 2022 ж. 420 0