Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүлдіршіндердің ұлағатты ұясы

Бүлдіршіндердің ұлағатты ұясы

Ауданда бала тәрбиесімен тікелей айналыса­тын 29 балабақша бар. Бүгінде ұлағат ұялары бүл­­­діршіндерге мектепке дейінгі білімді жетік мең­гертуде. Мәселен, ақиық ақын Асқар Тоқма­ғам­бетов ауылындағы «Балауса» бөбекжай бала­бақшасы елді мекенде жүйелі жұмыс жүргізуде. Балабақша осыдан 33 жыл бұрын ауыл балаларына есігін айқара ашқан. Қазіргі уақытта онда 3 топ бойынша 75 кішкентай бүлдіршін тәрбиеленуде.
Ақын Мағжан Жұмабаев: «Баланы тәрбиешінің өзіндей қылып шы­ғармай, келешек заманына лайық­тап дайындау керек» деп айтқан болатын. Иә, заман көшіне ілескен педагогтар жаңартылған білім мазмұны бойынша баланы жан-жақты оқытуда. Бала бағбаны атанған тәрбиешілер та­ғылымын алған балғындар үлкен өмірдің баспалдағынан аттайды. Ба­ла­бақшаның аяқтан тұрып, халық ба­ла­сы үшін қызмет етуіне «ҚР Бі­лім беру ісінің үздігі», «Сырдария ауда­нының Құрметті азаматы» Камал Биса­­риеваның еңбегі зор. Негізінен, Камал Айыпқызы зейнет демалысына шыққанға дейін балабақшада бас­шылық қызмет атқарған. Алғаш Тәуел­сіздік алған жылдары тәжірибелі ма­ман бар ауыртпалықты еңсеріп, ба­ла­бақша жұмысына серпін берді. Аядай ғана ауылда мектепке дейінгі бі­лімнің іргесі қаланған болатын. Қа­зіргі уақытта «Балауса» бөбекжай бала­бақшасында білікті педагогтар шоғы­ры қалыптасқан ұжымға 2010 жыл­дан бері Роза Сұлтанова басшылық жасайды.
– Берекесі тасыған ауыл өмірімен біте қайнасқан балабақша ұжымында 28 қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 11 педагог бала тәрбиесіне тікелей жауапты. Әр жылдары тәрбиешілердің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады. Өз кезегінде педагог-сарапшы, педа­гог-модератор мамандарымыз жа­­­­­­­­ңар­тыл­ған білім мазмұнына иек артады. Ата-ана баланың қауіпсіздігіне, тәр­биесіне, шығармашылық дамуына алаңдаушылық білдірмеу үшін кәсіби біліктілікті арттырып келеміз. Сапалы қызметті ұйымдастыра білу арқылы балабақшаға деген сұранысты арттырамыз. Жас мамандардың тәжірибе жи­нақ­тауы мақсатында әдістемелік кө­­мек көрсетіледі. «Тәрбие мен бі­лім – егіз». Расында мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бө­лігі болып табылады. ҚР білім және ғылым министрлігіне қарасты «Мектеп­ке дейінгі балалық шақ» респуб­ликалық орталығы ҚР мек­­тепке дейінгі ұйымдарда және мек­тепалды даярлық сыныптарында 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұс­қаулық хатты басшылыққа ала отырып жұмыс жасалуда, – дейді «Балауса» бөбекжай бала­бақшасының мең­герушісі.
Осы күні тәжірибелі тәрбиешілер қатарында Несібелі Сұлтанова, Сәр­сен­күл Мауияева, Нұргүл Шайхимова, Гүлзира Шәкетова, Салтанат Дүйсенбаева бар. Ал әдіскер Жанар Мұсаева балабақша тәрбиешілерінің жұмысын үйлестіреді. Балалардың музыкалық қабілетін шыңдауға Үміт Ерназар жауапты. Жылдар бойы тәр­­бие­шілердің қажырлы еңбегінің нә­тижесінде балабақша ұжымы тола­ғай табыстарға қол жеткізуде. Өз ке­зегінде балабақшаның өнерлі өрен­дері халықаралық, респуб­ликалық, об­лыстық дәрежедегі бай­қау­лардан топ жарды. Ұстаздардың ме­рейін асыр­ды.
– «Балалар жылы» аясында сала мамандары тәрбиеленушілермен жұ­мыс­­ты кү­шейтетін болады. Ең алды­мен, іс-шаралар жоспары бекі­тіліп, тәр­биешілерге танымдық, шы­ғар­­ма­­шылық, интеллектуалдық сабақ­тар өткізуге тапсырма берілді. Осы­­­­ған дейін балаларымыз түрлі бай­қаулар­дың жеңімпазы атанып, абыройымызды көтерді. Балабақшада балалар­дың қатысуымен атаулы күндерге арналған ертеңгіліктер ұйым­дасты­ры­­лып тұрады. Мәселен, өнер­лі өрен­дердің қатысуымен «Алғыс айту» күні­не орай «Бақытты бала – бақыт­ты болашақ» тақырыбында мереке­лік концерт өткізілді. Айта ке­тейік, өткен жылы тәрбиеші Салтанат Дүй­сенбаева Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен өт­кі­зілген «Жаңартылған білім маз­мұнына сәйкес, бала дағдысын қа­лып­тастырудағы педагог шеберлігі» тақы­рыбында онлайн семинарға қа­тысып, тәжірибе алаңында ықшам сабақ жос­парын сәтті қорғады. Ал білікті маман осы жылы «Үздік бала­бақша тәрбиешісі – 2021» аудан­дық байқауынан бас жүлдені иелен­ді, – дейді «Балауса» бөбекжай балабақ­шасының мең­герушісі Р.Сұлтанова.
Негізінен, «Балауса» бөбекжай ба­ла­­бақшасы 2 жастан бастап бүл­дір­шіндерді қабылдайды. Ба­­­­ла­­бақ­ша ғи­мараты 90 орынға лайық­­­­­­тандырылған. Алдағы уақытта демо­гра­фиялық өсім көрсеткіші бай­қалған жағдайда қо­сымша топ ашу жос­парда бар. Бұл ретте кіші, орта, ересек топтарда тәрбиеленушілеріне сапалы білім беру үшін материалдық база жасақталып келеді. Ауыл тұр­ғын­дары үкілеген пер­зентін се­німді қолға тапсыру үшін барлық мүм­кін­діктер жасала бермек.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
12 наурыз 2022 ж. 691 0