Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ауыл – ел бесігі»: Жаңарған жол, жанданған жұмыс

«Ауыл – ел бесігі»: Жаңарған жол, жанданған жұмыс

Кеше ауданға ҚР Еңбек жә­не халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәп­кенов жұмыс сапары­мен келіп, «Ауыл – ел бе­сігі» бағдарламасы бо­йын­­ша атқарылып жатқан жұ­мыстармен танысты. Ве­­­­­домоство басшысымен бір­­­ге облыс әкімі Гүл­шара Әбдіқалықова келіп, бағ­дарлама арқы­лы жасалып жатқан жұмыс нәтижесін көрді. Атқарылып жатқан жұмыстарды аудан әкімі Мұрат Ергешбаев таныс­тыр­­ды.

Аудан басшысы мемлекеттік бағдарлама аясында биыл 8 жобаны жүзеге асыру жос­парланып, бүгінгі таңда 6 жоба толық іске асырылғанын атап көрсетті. Оның қатарында Ақжарма ауылындағы А.Есентұров көшесінің жол құрылысы, Т.Балапанов көшесін орташа жөндеу, О.Ысқақов, Ж.Донбаев, Е.Омаров көшелерін жарықтандыру, А.Тоқмағамбетов елді мекеніндегі М.Мәметова көшесін орташа жөндеу, Тереңөзек кентіндегі Н.Бердіқұлов көшесінің жол құрылысы, «Тереңөзек-Ша­ған» автожолының бойын жарықтандыру жо­балары бар. Ал аудан орталығындағы А.Иманов көшесін күрделі жөндеу және орталық стадионды күрделі жөндеуден өт­кізу бүгінгі таңда атқарылып жатыр.

Аудан әкімі Тереңөзек кентінің басты көшесі – А.Иманов көшесін күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Құрылыс жұмыстары барысында көше бойына 4 аялдама, 3 мың метр болатын жаяу жүргіншілер жолы, 3,5 шақырым бордюр және 3 шақырымға жуықтайтын су ағар қоса салынуда. Сондай-ақ, жол асфальттануда. Қараша айында аяқталатын жоба бойынша түнгі жарықпен қамту жұмысы да бар. Жол құрылысына 55 жұмысшы тартылған. Оның 25-і жергілікті тұрғындар. Басты көшенің құрылысын «Қызылорда жолдары» ЖШС атқаруда.

Оған қоса, бүгінде орталық стадионға күрделі жұмыстар жүргізілуде. Бұл – аудан тұрғындарының, спортпен шұғылданатын жастарға жасалып жатқан игілікті жұмыс. Аудан басшысы оның сапалы жүргізілуі тұрақты бақылауда екенін айтты.

Мұнан соң аудан әкімі М.Ергешбаев ве­домоство басшысына алдағы жылға респуб­ликалық бюджеттен қаржыландыруға ұсы­нылған жобаларды да атап көрсетті. Жобалар қатарында Бесарық ауылында спорт кешенін салу, Сырдария агро-техникалық колледж ғимаратын күрделі жөндеуден өт­кізу, кенттегі жаңа шағын ауданның инфра­құрылым құрылысы, яғни қиыршық тас төсеу, елді мекендердегі көшелерді жөн­деу және жарықтандыру жұмыстары бар. Бұлардың ішінде аудан басшысы Бесарық елді мекенінде спорт кешенін салу және Сырдария агро-техникалық колледж ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу жобаларына ең бірінші кезекте қол­дау қажеттілігін тілге тиек етті. Аталған жобалар келер жылы жүзеге асса, ауданның әлеуеті жақсара түсетінін жеткізді. Алдағы жылы атқарылатын жо­баларға қатысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Шәпкенов тиіс­ті ұсыныстарды беруді ат­а­ды.

Сапар барысында аймақ басшысы мемле­кеттік бағдарламалардың өңірде іске асырылуы барысын айтып, жобалардың тиімділігіне тоқталды. Сонымен қатар, мемлекеттік бағ­дарлама аясындағы жұмыс­тардың сапалы іске асырылуы қатаң бақылауда екенін жеткізді.

Ведомство басшысы азаматтарды жұ­мыспен қамту, қажетті мамандарды тарту, елдің тұрмыс сапасын, әлеуетін жақсарту мемлекеттік бағдарламаларды жүзе­ге асы­рудағы негізгі міндеттердің бірі екенін алға тартты. Жұмыс барысында өзі­не жүктелген жұмыстарды уақытылы жүргі­зе алмаған мердігер компаниялардың жауапкер­шілігі қаралатынын айтты. Сапар барысында министр ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.


Ердос БЕРКІНБАЕВ
30 қазан 2021 ж. 426 0