Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақжармада «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылады

Ақжармада «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асырылады

Елбасының «Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту болып табылады.
Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.
Биыл осы жоба аясында Ақжарма ауылдық округіне 509,6 млн. теңге қаржы бағытталып отыр. Бұл қаржыға 4 көше (Садық ахун, А.Есентұров, Балапанов және Әукенов) жарықтандырылады, 8 көше (М.Томпалақов, Ж.Домбаев, Садық ахун, М.Аукенов, Е.Омаров, А.Есентұров, Т.Балапанов, Б.Арыстанов) орташа жөндеуден өткізіліп, Есентұров, Омаров, Садық ахун көшелеріне темір-бетонды лоток орнатылатын болады.

"ТТ"-ақпарат 

04 наурыз 2020 ж. 511 0