Құлақтан үнің кетпестей...
Аудандағы барлық мектепте соңғы қоңырау салтанаты өтіп, оқу жылы қорытындыланды. Білім ошақтарында осы оқу жылының соңғы қоңырауы соғылып, ұстаздарға құрмет көрсетілді, жас түлектер алтын ұямен қоштасты. Аудан әкімі М.Ергешбаев аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдеАудандағы барлық мектепте соңғы қоңырау салтанаты өтіп, оқу жылы қорытындыланды. Білім ошақтарында осы оқу жылының соңғы қоңырауы соғылып, ұстаздарға құрмет көрсетілді, жас түлектер алтын ұямен қоштасты. Аудан әкімі М.Ергешбаев аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде өткен салтанатты іс-шараға қатысты. өткен салтанатты іс-шараға қатысты.
«Түлек 2022: Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында өткен мерекелік іс-шара барысында аудан басшысы ұстаздар мен оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
– Бүгінгі күн – мектеп қабырғасындағы әрбір оқушы, ұстаз және әрбір ата-ана үшін ерекше салтанатты күн. Тағы бір оқу жылы сәтті аяқталып, ауданымызда жаңа толқынның ер жетіп, есейген сәтіне куә болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті» деген болатын. Бүгінде ауданның білім саласы биік белестерді бағындырып, жыл сайын жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Мектеп бітіруші жас түлектің алдында 11 жыл бойы мектептен алған білімдерін дәлелдейтін, сол арқылы таңдаған мамаңдықтарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін сынақ тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз білімдерін дәлелдеп, ұстаздардың үмітін ақтайды деп сенемін. Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Сәт сапар, өмірлеріңізге құтты қадам тілеймін! – деді аудан әкімі.
Іс-шара барысында Қазақстандағы Ресей Федерациясы елшілігінің Алматыдағы Ресей ынтымақтастығы өкілі Татьяна Баршиникова бітіруші түлектерді құттықтап, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін бастауыш сынып мұғалімі Елена Мясцованы «Алғыс хатпен» марапаттады.
Соңғы қоңырау салтанатында мектеп оқушылары өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ жас түлектер білім нәрімен сусындаған мектеппен қоштасып, қоштасу вальсін биледі. Биылғы оқу жылының соңғы қоңырауын 1 сыныптың озат оқушылары Санжар Мирамбек пен Ақнұр Асқарова соқты.
Айта кетейік, биылғы оқу жылын аудан бойынша 422 жас түлек бітірді.
Ердос БЕРКІНБАЕВ