Аттестат тапсыру салтанаты өтті
Аудандағы барлық мектепте Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік ұландары» тақырыбында мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты өтті. №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдегі салтанатты іс-шараға аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, жас түлектерді мектеп бітіру салтанатымен құттықтады.
— Бүгін міне тағы бір оқу жылын аяқтап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыздар. Биылғы оқу жылын аудан бойынша 387 түлек бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 324 түлегіміз өтініш білдіріп отыр. 39 түлегіміз мектепті «Алтын белгіге», 17 түлегіміз «Үздік аттестатқа» бітірді. Ауданның Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша орташа балы 79,8 балды құрап, облыс бойынша алғашқы үштіктеміз. Әлі де 30 маусымға дейін тест сынақтарын тапсырасыздар, әлі де дайындық жұмыстарын күшейтуіміз қажет. Қазіргі заман — білектінің емес білімдінің заманы. Осы мектеп-лицей түлеп ұшқан, еліміздің түрлі саласында жұмыс жасап жатқан қаншама түлек бар. Мен де осы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің, біз оқыған кезде Жданов атындағы мектептің 1983 жылғы түлегімін. Әрбір адамның өмірдегі орнын табуға, болашағына бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Бізде Шілдебаева Наря апай, Бисенбаева Бақыт апай, Хегай Александровна, Те Александра Венециевна апайлар және тағы да басқа ұлағатты ұстаздарымыздан сабақ алдық. Әрдайым ұстаздарымызға басымызды иеміз. Бірінші ата-анамыздың, екінші ұстаздарымыздың еңбегін еш уақытта жадымыздан шығармай, әрдайым құрметтеуіміз қажет. Үлкен өмірге басқан қадамдарың нық болсын. Сәт сапар тілеймін, жас түлектер, — деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.
Құттықтаудан соң аудан басшысы «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін марапаттады.
Карантиндік талаптар сақталған шарада «Алтын белгі» иегері Жұмаділова Мерей жоғары білім алып, аудан мерейін үстем етуге түлектер атынан сенім білдірді. Аттестат тапсыру салтанатында ұстаздар мен ата-аналар жас түлектерге сәт сапар тіледі.

Е.БЕРКІНБАЕВ