Сырдарияда 422 түлек мектеп бітірді
Бүгін Сырдария ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасы өткізілуде.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев №36 орта мектебіндегі соңғы қоңырау мерекелік іс-шарасына қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында аудан басшысы ұстаздар мен оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
- Бүгінгі күн мектеп қабырғасындағы әрбір оқушы, ұстаз және әрбір ата-ана үшін ерекше салтанатты күн. Тағы бір оқу жылы сәтті аяқталып, ауданымызда жаңа толқынның ер жетіп, есейген сәтіне куә болып отырмыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сіздердің бүгінгі шәкірттеріңіз – Қазақстанның жарқын болашағы. Сапалы білім – жетістікке жетудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы. «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің негізгі міндеті»,- деген болатын. Бүгінде ауданның білім саласы биік белестерді бағындырып, жыл сайын жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.
Сіздердің алдарыңызда 11 жыл бойы мектептен алған білімдеріңізді дәлелдейтін, сол арқылы таңдаған мамаңдықтарыңызға қол жеткізуге мүмкіндік беретін сынақ тұр. Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз білімдеріңді дәлелдеп, ұстаздардың үмітін ақтайды деп сенемін. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Қадамдарыңызға сәтті сапар, өмірлеріңізге құтты қадам тілеймін! - деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.
Іс-шара барысында Қазақстандағы Ресей федерациясы елшілігінің Алматыдағы Ресей ынтымақтастығы өкілі Татьяна Баршиникова бітіруші түлектерді құттықтап, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін бастауыш сынып мұғалімі Елена Мясцованы алғыс хатымен марапаттады.
Мектеп оқушылары өздері арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тарту етіп, іс-шара соңында мектеп бітіруші тілектер қоштасу вальсін билеп, соңғы қоңырау соғылды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі