Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сенат депутаты Іңкәрдариялықтармен кездесті

Сенат депутаты Іңкәрдариялықтармен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы 5 маусымда өтетін референдумның маңыздылығы бойынша Іңкәрдария ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы халықпен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды. Ата заңның 33 бабына өзгерістер енгізілетін болады. Басты мақсат - саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау, жеке тұлғаның емес халық мүддесіне жұмыс жасау, халықтың елді басқаруына жағдай жасау, халықтың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатымен бірге кездесуге партияның аудандық филиалы жанындағы штаб төрағасы Е.Жақып, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов және аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов қатысты.
24 мамыр 2022 ж. 569 0