Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Барлық мәселе бюджет мүмкіндігіне қарай реттеледі

Барлық мәселе бюджет мүмкіндігіне қарай реттеледі

Газетіміздің өт­кен нөмірінде ақпараттан­дыр­ғанымыздай, аудан әкімі М.Ергешбаев елді мекен­дерді аралап, халықпен кездесу өткізуде. Алғашқы тоқсанның қорытындысын жария ету мақса­тында ұйымдастырылған кездесу Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқ­мағамбетов ауыл­дары мен Терең­өзек кентінде де өтті.

«Сұрақ-жауап» форматында ұйымдастырылған халықпен кездесу жиынына облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары С.Әбжәлиев, Б.Есназар, Е.Жақып, А.Ибрагимұлы және ауыл әкімдері қатысты. Аудан басшысы тұр­ғындарға ең алдымен еліміздегі саяси ма­ңы­зы бар үлкен өзгерістер жөнінде ақпарат бер­ді. Атап айтқанда, елімізде өткізілгелі жатқан Кон­с­титуциялық реформаның мәні мен маңызы, Ата Заңның 98 бабының 33 бабына өзгерістер енетіні және ел болашағы үшін әр азаматтың рефе­рен­думға қатысып, таңдау жасау қажеттігі туралы айтып өтті.

Аудан әкімі сондай-ақ ауданның әлеуметтік-эко­номикалық дамуының басым бағыттарына тоқ­талды.

– Жыл басынан бері ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 3240,0 млн теңгенің өнімін өндірді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 2959,0 млн теңгені құрап отыр. Қаңтар-сәуір айының қо­рытындысымен аудан экономикасына 3934,0 млн теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды. Бөл­шек сауда айналымының нақты көлемі есепті ке­зеңде 438,5 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құ­рады. Аудан бойынша 2487 шағын және орта кә­сіпкерлік субъектілері тіркеліп, жұмыс істеуде, – деген аудан басшысы ауылдардағы көшелерді жөндеу, аяқ су, электр желілерін жаңарту мәсе­ле­лері туралы айтып өтті.

Қалжан ахун ауылының тұрғындары ең алды­мен аяқ су мәселесін көтерді. Сонымен қатар ауыл­ішілік көшелердің тозғанын айтып, ауылдық дә­рігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өт­кізу керектігін жеткізді. Аудан басшысы аталған мәселелермен таныс екенін айтып, тиісті сала бас­шыларына нақты тапсырмалар жүктеді. С.Сей­фуллин, А.Тоқмағамбетов ауылындағы халықпен кездесуде де ауыл тұрғындары әлеуметтік мә­селелерді аудан әкімінің назарына ұсынды. Әсі­ресе, бұл ауылдарда шаруашылық үлес­керле­рінің жер мәселесі талқыланды. Аудан басшысы заң­ға сәйкес түсіндірме жүргізіліп жатқанын, бұл мәселеде бірінші кезекте елдің бірлігін ойлау ке­рек­тігін атап өтті.

Ал Тереңөзек кентінде тұрғындар аудан орта­лығының жаңарғанын, абаттандыру мен инфра­құрылымды жетілдіру бағытында көп жұмыс­тар ат­қарылып жатқанын айтып, атқару­шы билікке алғыстарын жеткізді. Мұнан бөлек қараусыз жүр­ген иттер мен ірі қара малдарына тосқауыл қою, тазалықты сақтау, электр сым­дарының кей кө­шелерде төмен орналасқанын зерделеу, көше­лер­ді жөндеу мен балалар ойын алаңын салу, кә­сіпкерлікті дамыту және аудан мекемелеріндегі зей­нет демалысына шыққан бірін­ші басшылардың мәселесі көтерілді. Аудан бас­шысы әр сұрақты мұ­қият тыңдап, тиісті сала басшыларының қа­періне са­лып, тұрғындардың сұрағына жан-жақты жауап берді. Сондай-ақ Тереңөзек кентінде атқарылатын жұмыстарды бөлісті.

– Кент көшелерін жөндеу мақсатында биылғы жылғы жоспарға 23 көшеге лайықтандырылған жо­ба жасалған. Мысалы, Бауыржан Момышұлы көшесінің барлық тұйығымен бірге қосқанда 6 көшесіне бірден асфальт төсеу жұмыстары жүр­гізіледі. Мұнан бөлек Тереңөзек кентінің ең ұзын әрі орталық көшелерінің бірі Иса Тоқтыбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу және аяқ су жеткізу үшін темір бетонды лоток орнату мақсатында ау­дандық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, мем­лекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Көп қабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру – аудан әкімдігінің басты жұмыстарының бірі. Бұл мәселе төңірегінде арнайы талқылаулар ұйым­­дастырылып, депутаттармен және тұрғындармен бірге жоспарлар жасалған. Дегенмен, қаржы мә­селесіне қатысты абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады. Кенттегі А.Әлиакбаров көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстары облыстық бюджеттен қар­жыландырылды. Сон­дай-ақ Тереңөзек кентінің кіреберісіндегі төрт жолдың түйісетін тұсына қауіптілікті азайту мақсатында бағдаршам қою жос­­парлануда, – деп қорытындылады аудан әкімі.






А.СЕЙІЛОВ
24 мамыр 2022 ж. 215 0