«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – Тәуелсіздік тірегі»

Аталған мәжіліске «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып, білім бөлімінің басшысы Б.Жанибеков және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Мәжіліс барысында күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жақып, білім бөлімінің басшысы Б.Жанибеков білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тәуекелдері туралы хабарлама жасады.
Мәжіліс соңында аудан әкімі білім бөлімінің басшысымен барлық білім беру ұйымдарына сыбайлас жемқорлықпен күресуде пәрменді шаралар қабылдауды, тәуекелдер бойынша шаралар жасап, төмендету бағытында тұрақты түрде тиісті жұмыстар жүргізуді және құқықтық оқытулар ұйымдастыруды тапсырды.
Сырдария аудандық білім бөлімі