Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Референдум 2022: С.Сейфуллин ауылы тұрғындары конституциялық өзгерістерді қолдайды

Референдум 2022: С.Сейфуллин ауылы тұрғындары конституциялық өзгерістерді қолдайды

Аудандық мәслихат депутаты, штаб мүшесі Б.Есназар С.Сейфуллин ауылындағы білім саласы өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық референдумның мәні түсіндірілді. Б.Есназар өз сөзінде «Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының мамандары әзірледі. Оған Конституциялық Кеңес оң бағасын берді»,- деді Б.Есназар.

Қазіргі таңда партия жанынан құрылған штабтар Конституциямызға жасалатын өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша аудан тұрғындарымен кездесулер өткізуде.
20 мамыр 2022 ж. 699 0