Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Референдум 2022: Республикалық штаб мүшелері теміржолшылармен кездесті.

Референдум 2022: Республикалық штаб мүшелері теміржолшылармен кездесті.

Елімізде өткізілетін референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында «AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшелері теміржолшылармен кездесіп, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум туралы ойларын ортаға салды.

«Конституциялық реформаның саяси мәні – бұл суперпрезиденттіктен президенттік басқару нысанына көшу кезіндегі Екінші республиканың көрініс табуы», - деп атап өтті Мәжілістегі «AMANAT» партиясының депутаты Ғалым Махмұтбайұлы Әміреев.

Кездесу барысында «AMANAT» партиясы Теміржол филиалының атқарушы хатшысы Базара Танбаева «Референдум - "Жаңа Қазақстанды бірге құрайық" идеясын іске асыру жолы. Референдум – халық үні, халықтың талап-тілегінің жүзеге асуының бастауы болып табылады десе, облыстық штаб мүшесі Ибраким Басықараев Конституцияның үштен біріне енгізілгелі тұрған түзетулер туралы айтып, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпыхалықтық референдумды ұсынғаны жөніндегі пікірін білдірді.

«AMANAT» партиясының Теміржол филиалының төрағасы Батырхан Бахытбекұлыда референдумға қатысты өз ойымен бөлісе келе қоғамда болып жатқан жаңару құбылыстарына бей жай қарамай, еліміздің жаңа бағытта өркендеуіне дауыс беру арқылы үлес қосу қажеттілігін айтты.

Кездесу аясында теміржолшылар Ата Заңымызға енгізілетін өзгерту мен жалпыхалықтық референдум өткізу идеясын қолдайтындарын жеткізді.







Расул Есенов,
облыстық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясының мүшесі
17 мамыр 2022 ж. 491 0